• Бүгін: 23.10.2018 |$1 = ₸365.88

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Солардың бірі жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығының» қосымша ғимараты пайдалануға берілді. 110 орындық су жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай салынған. Аталған ғимараттың құрылысы 2015 жылы басталған болатын. Биыл құрылыс ойдағыдай аяқталып, сәуір айында толық жұмыс істеуге дайын болды. Аз ғана уақыт ішінде іші сырты толық әрленіп, қолданысқа берілді. Құрылысқа облыстық бюджеттен 374,3 миллион теңге бөлінген болатын. Жаңа ғимараттың іске қосылуы осында қызмет алушыларға өте ыңғайлы. Мұнда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қолданыстағы стандартқа сай кешенді ұсынуға, әрбір қызмет алушыға тиісті жатын орнын 5м2 -ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мамандандырылған кабинеттер, еңбек шеберханаларын ұйымдастыруға, медициналық көмек, оңалту шараларын сапалы көрсетуге, бос уақыттары мен демалысын тиімді өткізуге  мүмкіндік мол. Қосымша ғимаратқа стационарлық үлгідегі орталыққа орналасу кезегінде тұрған 80 созылмалы психоневрологиялық аурулары бар азаматтарды орналастырылды. Оларға бүгінде барынша жағдай жасалып, емдеу шаралары жүргізілуде. Бұрындары  орталықтың сыйымдылығы 460 төсек орын болатын. Бүгінде жаңа ғимаратқа орналасқандықтан 540-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17