• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Шағын елді мекендерде спорт алаңшасы салынуда

Елбасы Н. Н. Назарбаев 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын спорта тартуды мақсат етіп қойған болатын. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында атқарылуда. Мәселен шағын елді мекендерде спорт алаңшаларын салу қарқынды жүруде. Аудан басшысы М. Исаев халыққа есеп беру жиынында жергілікті халықтың спортпен айналысуы басты назарда, сондықтан білім беру ошақтарының спорт ғимараттарын кешкілік мезгілде ауыл жастарына беріледі деген болатын. Биылғы жылы Қыземшек кентіне қарасты, Тайқоңыр елді мекенінде «Ыңғай» бірлескен кәсіпорны ЖШС-нің демеушілігімен бүгінгі заман талабына сай жасанды футбол төсенішімен, жүгіру алаңымен жабдықталған футбол, волейбол және баскетбол ойындарына арналған спорт алаңы ел игілігіне берілді. Ал, Тасты ауылынан мектеп бітіруші түлектерінің демеушілігімен футбол, волейбол және баскетбол ойындарына арналған спорт алаңы салынып, ауыл азаматтары тұрақты түрде спортпен айналысуда. Мұнан бөлек, Жартытөбе ауылдық округіндегі шағын футбол алаңын ауыл жастарының демеушілігімен жыл соңына дейін бітіру жоспарланып отыр. Атап өту керек, қазіргі таңда Шолаққорған ауылындағы орталық стадион мен Спорттық сауықтыру кешеніне күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуде.


Сондай-ақ аудан әкімі М. Исаев шағын елді мекен тұрғындарымен кездесуін жалғастыруда. Сапар барысында Таукент кентіне қарасты Коттедж-2 мөлтекауданы тұрғындарымен жүздесті. Жиын барысында кент тұрғындары бірнеше мәселені көтерді. Мәселен, кент тұрғыны К. Наурызбаева таза ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты тұрғындар атынан өтініш айтып, мұқтаждықтарын жеткізді. Электр бағаналарының сымдары ауыстырылса деген талап тілектерінде атап өтті. Сондай-ақ, елді мекен тұрғыны Н. Жүсіпов мөлтек аудан ішінен ағатын тасқын судан өтетін көпір салынса, балаларды мектепке апарып келетін автобус қатынаса деген ұсыныстарын айтты. Жиын барасында аудан әкімі М. Исаев таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшін, жұмыстар жасалатынын атап өтті. Алдағы уақытта «Таукентэнергосервис» ЖШС директоры А. Насырлаев, кент әкімі М. Оспановпен бірлесе отырып ауызсумен қамтамасыз ету үшін карта жасалып, келер жылы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкін болатынын айтты. Сондай-ақ, жақын арада тасқын судан өтетін көпір де салынатынын жеткізді. Ал, оқушылардың мектепке қатынауы үшін автобус қоюға байланысты біршама қиындықтар бар екенін, мүмкіндігінше шешуге тырысатынын да айтып өтті. Мөлтекаудан тұрығындары өздерімен кездесіп, мәселелерді шешуге көмектесуге уәде еткен аудан басшылығына ризашылығын білдірді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.