• Бүгін: 21.05.2018

«Дені сау ұлт - тәуелсіздік тірегі» атты жалпыхалықтық марафон

      Шымкент қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Дені сау ұлт — тәуелсіздік тірегі» атты жалпыхалықтық марафон өткізілді. Марафонға қатысушылар Дінмұхамед Қонаев гүлзарының  бойында орналасқан  «Royal» фитнес-клубының алдынан «Наурыз» алаңына дейінгі аралықты жүгіріп өтті. Аталмыш марафон Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Салауатты өмір салтын ту еткен оңтүстік қазақстандықтар «Дені сау ұлт-тәуелсіздік тұғыры» деген ұранмен 5 шақырымды құрайтын қашықтықты бағындырды. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келген  марафонға биыл 2 000-нан  астам қала тұрғындары мен жергілікті билік өкілдері, кәсіпқой спортшылармен қатар оқушылардан бастап аға буын өкілдеріне дейін қатысты. Марафон «Қазына» этно-мәдени кешеніндегі «Наурыз» алаңында қорытындыланды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық шара соңында топтан оза шапқан жүйріктер жарыс соңында марапатқа ие болды. Жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар және дипломдар тапсырылды.  Денсаулыққа ең пайдалы спорт түрлерiнiң бiрi жеңiл атлетика екенiн ескерсек, бұл сайыс талай адамның бойына сергектiк ұялатып, көңiлдерiн көтергенi сөзсiз. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы игі бастама оңтүстік өңірінде ұдайы ұйымдастырылып келеді және алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Өйткені, дені сау ұрпақ қана ұлт құндылықтарын жоғары ұстап, тұғырды бекем ете алады. “Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаса керекті. Соңғы кезде жаппай бұқаралық спортқа ден қойыла бастады. Бұқаралық спорттың мақсаты – халықтың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстануына ұйытқы болу, жас ұрпақты ерте бастан спортқа бейімдеу болып табылады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17