• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Шымкентте жыл сайын лизинг арқылы 300 жаңа автобус сатып алынады

Бұл туралы қала әкімі қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп беру барысында айтып өтті. Қала тұрғындары үшін транспорт саласына бірқатар жұмыстар атқарылуда. 1 жаяу жүргіншілер өткелі, 9 магистралды көшені қайта құру, 5 елді-мекеннің көшелерін қайта құру, 1 жол өткелін қайта құру, 59 көшені күрделі және 98 көшені орташа жөндеу, 47 тротуар салу, 20 бағдаршам орнату жұмыстары атқарылуда.Сонымен қатар, қаланы 5 жерінен жол айрықтың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Құрылысы келесі жылы бастау жоспарланған.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қалалық әкімдік пен «Green bus Company» ЖШС-мен бірлескен автопарк ашу жөнінде меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда, бірлескен «Шымкент Bus» компаниясы құрылып, жыл сайын лизинг арқылы 300 жаңа автобус алу жоспарлануда. Қала әкімінің тікелей басшылығымен қала тұрғындарының қауіпсіздігі, баспана және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру бағытында да бірталай жобалар жүзеге асуда. Бұл ретте жергілікті полиция қызметіне «квадрокоптерлер», велосипедтер, автокөліктер берілді.
Әрі қала көшелері мен аулалары жарықтандырылды. Қалада жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында 23 мектепке баратын тротуар, көше қиылысына бағдаршам, мектеп аумағынан жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам, жол кедергілер орнатылды. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін баспана ең өзекті мәселе. Осыған орай, ағымдағы жылдың 6 айында іске қосылған тұрғын үй көлемі 165,3 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 3 есеге өскен. Ал, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында қалада білім нысандарына қажеттілікті шешу үшін жұмыстар істелінуде. Нәтижесінде, биылғы жаңа оқу жылында 2 жаңа мектеп, 3 мектепке қосымша құрылыс салынып, 2 700 орын пайдалануға берілді. Қалада зиялы қауым өкілдерінің ұсынысымен бірнеше жаңа іс-шаралар өткізілді. Спорт саласында биылғы жылы Бразилияда өткен жазғы олимпиада ойындарына 3 спортшымыз қатысып, жеңімпаздардың алғашқы ондығына енді. Әрі, «жоғары спорт шеберлігі» спорт мектебі ашылып, онда жекпе-жек, күрес, интеллектуалды ойын түрлерінен кәсіби спортшыларды дайындай бастады.
Айрықша атап өтерлігі, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту мақсатында «Shymkent Bike» жобасы жүзеге асырылды. Биылғы жылы қалада 200 волесипедке арналған 40 велостанция жоспарланып, қазіргі таңда 32 станция орнатылды.Одан бөлек, қала тұрғындары үшін 10 жерден «Street workout» пен шұғылдануға арналған алаңшалар ашу жоспарланып, бүгінгі күнге 4 жерден ашылды. Келесі маңызды мәселенің бірі - жұмыссыздық. Бұл бағытта қаламызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 8 айда 12415 адам қамтылды. Ал, мемлекеттік қызметті ұсыну барысында қала әкімі аппараты мен бөлімдерде «Ашық әкімдік» бағдарламасы енгізіледі. Бағдарламаны іске асыру үшін «фронт офис» (бірыңғай кеңес) құрылады. Мектептер мен балабақшаларға «электронды бақылау» ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстары басталды.


Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.