• Бүгін: 21.02.2018

ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы қаралды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен кеңейтілген аппараттық мәжілісте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы сараланып, қысқы жылыту маусымына дайындық жайы пысықталды. Күзгі дала жұмыстарының атқарылуы да назарға алынып, жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берілді. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша хабарлама жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы жөнінде ақпар берді. Мәселені жан-жақты қарап, талқылаған облыс әкімі Б.Атамқұлов өндірістік кесте бойынша құрылыс жұмыстарының кешеуілдеуіне жол берген тиісті мемлекеттік органдар бірінші басшыларының жауапкершілігін қарауды тапсырды.
Сондай-ақ «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының»  бастапқы екі жылында атқарылған жұмыстарға келер болсақ, бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 11 нысанның құрылысына 7,4 млрд.теңге бөлініп, қазіргі таңда барлық нысанның мердігерлері анықталып, 3,1 млрд.теңгесі игерілді. Ал, халықты инженерлік жүйелермен қамту бағытында қала тұрғындары орталықтандырылған сапалы ауыз сумен 85, канализация жүйелерімен 41, газбен 86, ал, сапалы электр қуатымен 84 пайызға қамтылған. Биылғы жылы барлығы 47 инженерлік жүйелердің құрылысына 18,6 млрд.теңге қаржы бөлінді. Осы уақыт ішінде шаһарда 9 ауыз су құбырының құрылысы жүргізіліп, биыл оның 7-уі пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 98 мың халық ауыз сумен қамтылады. Ал, электрмен қамтамасыз ету бағытында 10 жобаның құрылысы жүргізіліп, оның алтауының құрылысы аяқталды. Осылайша бұл көрсеткіш 84 пайыздан 88 пайызға өсті. Газбен қамтамасыз ету бағытында жүргізілген 8 жобаның 4 жобасы аяқталып, ел игілігіне берілді. 64 мың халық орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17