• Бүгін: 18.02.2018

«Оңтүстік - достық мекені» кездесулер керуені жалғасуда

Елбасының "100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында қазақстандық біртектілікті, қоғамдық келісім мен бірлікті жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында құрылған "Оңтүстік - достық мекені!" кездесулер керуені жолға шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жолға шыққан жұмыс тобының алғашқы кездесулері Сарыағаш ауданы мен Мақтарал ауданында өтті. Сонымен қатар ақпараттық-насихаттық топ 21 қыркүйекке дейін облысымыздың барлық аудан, қалаларында 60-тан астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. – Бұл тәуелсіздігіміздің 25 жыл­дығы қарсаңында өткізіліп отырған кездесулердің мәні жоғары, – дейді «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байқонақов. –Қазақстан егемендігін жариялаған кезде жергілікті ұлт қырық пайыз ғана болатын. Сол кезде осында тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері Елбасының саясатын бір ауыздан қолдады. Бүгінде Тәуелсіздігімізді баянды етуге атсалысып келеді. Қазақ­станда бөтен ешкім жоқ. Бізге мәңгілік достық қымбат. Кездесу­лер керуенінде осы жайттар ұғындырылды, – деді ол.


Сондай-ақ, осы жоба аясында кездесулер керуені Мақтарал ауданына келіп, мұнда ОҚО «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Абылай Мұсабеков, ОҚО «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Заңғар Үсіпахметов, ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Жұлдыз Балтабаева және Мақтарал аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков, Мақтарал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исев, Мақтарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Камира Өмірбай, Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мұхтар Бейсенбаев жастармен ашық форматта сұхбат өткізді.


Абылай Мұсабеков өз сөзінде қазақ-тәжік шиеленісі орын алған «Сарыағаш оқиғасы», «Мақтарал оқиғасы» кезінде «атойлап» шыққандардың басым бөлігі 14-29 жас аралығындағы жастар екенін және жастардың түрлі әлеуметтік желілердегі провакациялық ақпараттарға алданып қалатындығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан «Мәңгілік ел» болу үшін жастары білімді, саяси сауатты болу керектігін де ескертті.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17