• Бүгін: 09.12.2018 |$1 = ₸370.66

Мақтарал ауданының тұрғындары үйінде отырып-ақ өзіне қажетті құжаттарды дайындай алады

«Мақтарал ауданында пилоттық жоба негізінде «Қазпочта» АҚ-ның аудандық бөлімшесі арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыруды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болып өтті. Мақтарал ауданы әкімі аппаратының мамандары, ауылдық округ әкімдіктердің өкілдері, АХАЖ бөлімінің басшылары, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысқан жиында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдетуге арналған пилоттық жобаның мазмұны толықтай талқыланды. Жалпы жобаның идеясы бойынша «Қазпочта» АҚ қызметкерлері арқылы халық үйінде отырып-ақ өзіне қажетті құжаттарды дайындай алады. Яғни, бұған дейін Халыққа қызмет көрсету, АХАЖ бөлімдері арқылы атқарылып келген жұмыстар мен құжаттарды енді тиімдірек тәсілмен алынбақ. Қазіргі уақытта 28 мемлекеттік-әлеуметтік қызметтердің қайсысы енгізілуі керек, қайсы қызмет түрі Қазпошта қызметкерлері үшін атқаруға қолайлы деген сауалдар туындап, бұл мәселе қыркүйек айының ортасына дейін  талқыланып, шешілетін болады. Сондай-ақ, мұндай қызмет түрінен жергілікті тұрғындар уақыттарын үнемдейтін болады және өз кезегінде әр құжат үшін сандалып жүрмей бір жүйе арқылы әрқандай құжатты тез арада дайындай алмақ. Жиынға қатысушылардың ұсынысымен Мақтарал ауданы бойынша алдымен «Достық», «Қызылқұм», «Атамекен» ауылдық округтеріне жоба енгізіліп, сынақтан өткізіледі. Егер жұмыс нәтиже беріп, халықтың көңілінен шығатын болса басқа да ауылдық округтерге енгізіледі. Бұл ұсыныста мақтаралдықтар құп көріп отыр. Әсіресе, ауыл тұрғындары үшін ең қажетті құжаттар неке куәлігі алу, жаңа туған балалардың туу туралы куәліктерін алу, жеке куәлік алу мәселері бірінші кезекте. Сондай-ақ айта кетейік, жақында Қазпошта қызметтеріне өзгерістер енгізілді. Бұдан былай шалғайдағы елді мекен тұрғындары ұялы телефон арқылы төлемдерді төлей алады. Сол үшін «Қазпошта» мекемесі Salem Mobile жүйесін іске қосты. Бұл қызметті пайдалану тәсілі өте қарапайым. Картаңызды бір рет Post.kz жүйесіне тіркеп алсаңыз жеткілікті. Сонда ғана қалта телефонның көмегімен алатын тауардың нөмірін теріп, төлемді іске асыра бересіз. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.