• Бүгін: 21.02.2018

ОҚО-да шетелдік туристік компанияларға ақпараттық турлар ұйымдастырылуда

 «ЭКСПО - 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу аясында, шетелдік туристік компаниялардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының туристік потенциалы және «Астана ЭКСПО - 2017» көрмесімен таныстыру мақсатында бірнеше ақпараттық турлар өткізіледі, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.  Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысына Италия, Ресей және Әзірбайжанның «Alessandro Rosso Group», «Туры и билеты», «Капитал Тур», «РАЙ», «Millennium Tourism», «Росс Тур», «АС-Лайнер» SUNMAR и АСС ТРЕВЕЛ секілді 8 туристік компаниясы келді.


«Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық Орталығы қатысушылар үшін мазмұнды ақпараттық тур бағдарын дайындады, осыған сәйкес қонақтар Оңтүстік Қазақстан облысының туризміндегі барлық бағыттары бойынша әлеуетімен таныса алады. Бағдарға сәйкес, ақпараттық турдың қатысушылары маңызды мәдени - тарихи орындарын, тау курорттары, демалыс орындары мен емдеу-сауықтыру шипажайларын көріп, қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсету деңгейімен танысады.


Ақпараттық турдың қорытындысы бойынша, баспасөз мәслихаты өтті. Сондай-ақ, жергілікті туроператорлармен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс - шараны өткізу екіжақты қарым-қатынастардың жақсаруын жеңілдетеді және «Астана ЭКСПО - 2017» көрмесінде тур пакеттерді сату үшін қазақстандық және шетелдік туристік компанияларының арасындағы келісімдерге қол қоюға ықпал етеді. Сондай-ақ «Ontustik Tourism Center» Туристтік Ақпараттық Орталығы ағымдағы жылдың 19-21 қыркүйек аралығында өңіріміздің туристтік бизнес өкілдерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар тренинг өткізуді жоспарлап отыр. Семинар тренинг «Туризм менеджментінің стандарттары», «Мейрамхана бизнесі және маркетинг», «Қонақ үй шаруашылығы» және «Гид экскурсоводтар қызметі» бағыттарында өтпек.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17