• Бүгін: 18.02.2018

Шымкентте еліміздегі ең ірі арт өнер туындысы жүзеге асырылды

Өнер - көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Ал, бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Осындай өнер саласын бірі «Аrt-өнер» бағытын дамыту мақсатында Шымкенттік суретшілер мен алматылық «Repas» шеберханасы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың бастамасымен қолға алынған республикадағы ең ірі өнер жобасының жұмысын аяқтаған болатын. Аталған жоба аясында Арғынбеков көшесіндегі бес ғимарат қабырғасына көркем картина салынды. Шаһар аумағын көркем көрініспен безендірген суреттің тақырыбы - «Жібек жолының керуендері».


     Қылқалам шеберлерінің айтуынша, бастаманы орындауға Шымкент қаласының әкімдігі ұсыныс білдірген. Қазақ халқының салт- дәстүрінен сыр шертетін суреттер Нұрсат мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің қабырғасына салынған. Әзірге өнер иелері 4 үйді әрлендіруге тапсырыс алған көрінеді. «Ұлы Жібек жолы» деп аталатын жобаның тұрғындарға берері мол дейді қылқалам шеберлері.


     Дмитрий, суретші: «Біздің мақсатымыз - Жібек жолын суреттеу. Алғашқыда бірнеше нұсқа болды. Кейін ойлана келе осындай тоқтамға келдік. Енді сол ойымызды жүзеге асырмақпыз. Суреттерді нөсер жаңбыр мен қар, тіпті, Оңтүстіктің аптап ыстығы да өшіре алмайды. Бірнеше жыл бойы қаланың көркін ашып, тұрғындарға көңіл-күй сыйлайды» -деді.


     Айта кетейік, үйлерді безендіру жұмыстары барысында 1000 дана бояу құтысы мен 250 кг түрлі эмульсиялық бояу пайдаланылған. Шымқаладағы көпқабатты үйлерге ұлттық нақыштағы суреттер көрік беруде. Бұл – миллиондар қаласының негізгі айшығындай әсер қалдырады. Алдағы уақытта қала әкімдігі мұндай туындылар қатарын арттыруды жоспарлауда. Көңілдеріңізге көктем орнатар көрікті көріністер көп болсын!


Балнұр ҮПІБЕК


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17