• Бүгін: 21.02.2018

Әлеуметтік мәселелердің оң шешімі

Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысында 9 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы бойынша биыл 5 инфрақұрылымдық жоба игерілуде. Осы мақсатпен  жұмыспен қамту орталығы арқылы 108 жұмыссыздарды жолдау қажет болатын. Бүгінгі таңда жоспар толығымен орындалды. Жұмыссыздар қатарын азайту мақсатында қолға алынған жоба өз жемісін беруде. Облыс орталығындағы 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі мекемемен қамтылмаған 57 127 бала бар. «Балапан» бағдарламасы арқылы балабақшамен қамтылғандардың жалпы үлесі 74,1 пайызды құрап отыр. Ал, биылғы жоспар 80 пайызға орындалған. Әлеуметтің әлеуетін көтеру мақсатында «Өңірлерді дамытудың-2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша қалалық құрылыс бөлімі арқылы өткен жылы барлығы 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген болатын. Бұл дегеніңіз баспаналы болу бақыты бұйыратындардың қатары артады деген сөз. Биыл тағы да пайдалануға берілетін тұрғын үйлер саны артпақ.  Тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша республикалық бюджеттің несиелері есебінен 252,1 млн.теңгеге 35 көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 34 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, оның 16-на қабылдау актісі алынған, ал қалған 18 үйді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағдарламалар арқылы қордаланған әлеуметтік мәселерелерді шешуге болады. Бүгінде осы мақсатта қарқынды жұмыстар жүргізілуде.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17