• Бүгін: 14.08.2018

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы. Бес жылда не атқарылды?

Бүгінде жұмыссыздық мәселесі күн түсуі тиіс көлеңкелі мәселелердің бірі болып тұр. Жауапты мекемелер тарапынан ауқымды жұмыстар да атқарылуда. Егемендік алған жылдардан бері Оңтүстік Қазақстан облысында 402 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеген. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы аталған мәселені түбегейлі шешіп тастамаса да күрмеуі кертілуіне біраз үлес қосуда. Ресми мәліметтер бойынша жұмыссыздар қатарында 63 мың адам тіркелген. Әрине тым көп деп деуге де келмес. Бүгінде өңірдегі туу көрсеткіші артып, халық саны екі есеге ұлғайып 3 миллионға жуықтағанын ескерсек, бұл соншалықты көп емес. Жұмыссыздықты жою бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының айтуынша, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы да жақсы нәтиже беруде. Аталған бағдарламаның игілігін көріп, бүгінде тұрақты жұмыс орнымен қамтылғандардың қатары қалың. Соған дәлел соңғы 5 жылда бағдарламаға 190 мыңнан астам облыс тұрғыны қатысқан. Олар бүгінде тұрақты жалақы алып, жұмыссыздықтың тізімінен шыққандарына қуанышты. Ал аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 51 миллиард теңгедей қаражат бөлінген. Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыссыздық деңгейі  5,3 пайызды құраған болса, жылдың соңына дейін ол көрсеткішті 5 пайызға дейін төмендетуге күш салуда. Соның арқасында  жыл сайын 1,0 пайыз азайтуға қол жеткізіп келеді.                                                  


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17