• Бүгін: 21.05.2018

Шымкентте «Таза қала» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қалалық балалар мен жасөспірімдер сарайында көптен күткен «Таза қала» байқауының салтанатты марапаттау шарасы өтті деп жазады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Шараны қала әкімдігі ОҚО Азаматтық Альянсымен бірлесе отырып ұйымдастырған болатын. Биылғы байқауға барлығы 320 нысан, яғни, 206 аула және 117 көше қатысуға өтініш берген. Нәтижесінде, «Үздік аула» аталымы бойынша: Абай ауданы 8 шағынауданының №6 үйінің ауласы, Әл-Фараби ауданындағы Рашидов көшесінің №22а үйінің ауласы, Еңбекші ауданындағы №231 үйінің ауласы және Қаратау ауданындағы «Нұрсәт» шағынауданының №142 үйінің ауласы жеңімпаз деп танылды. «Үздік көше» аталымы бойынша Абай ауданы аумағынан – «Жайлау» шағынауданының Қажымұқан көшесі, Әл-Фараби ауданы аумағынан «Забадам» шағынауданының Сералиев көшесі, Еңбекші ауданы аумағынан Түркістан көшесі үздік шықты. Аталым жеңімпаздарын қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және «Азаматтық Альянс» қоғамдық қорының жетекшісі Шәріпбек Жамалбек арнайы марапаттады. Барлық жеңімпаздарға диплом мен бағалы сый-сияпаттар табыс етілді.


Бұл байқау сәуір айынан басталаған болатын, содан бері қала тұрғындары өз көшелері мен аулаларын таза ұстау үшін барын салып, көркейту және көгалдандыру жұмыстарымен айналысып, барынша ынта танытып келді. Бұл миллионға жуық тұрғыны бар қаланың тазалығы үшін маңызды. Қаламызды таза, әрі көркейтіп ұстау үшін Шымкентте атқарылып жатқан шаралардың қатарына «Дендросаябақтағы» қалалық сенбіліктерді айтуға болады.  Сенбілікке қалалық әкімшілік қызметкерлері, белсенді жастар және қала тұрғындары қатысты. Тазалық шарасы шаһар көшелері мен аулалары, саябақтар мен алаңдарда жүргізілді. Жұмыс барысында белсенділер арықтардың ішін тазалап, жасыл желекті аумақты қоқыстан арылтты. Қоқыс шығару жұмыстарына 50 теxника қатысып, текшеленген қоқыстар түгелдей қала сыртына шығарылды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17