• Бүгін: 21.10.2018 |$1 = ₸366.11

Әлеуметтік оңалту жұмыстары қолға алынды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 33 қадамында «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау керектігі» баса айтылған. Бүгінде берілген нақты тапсырмалар өз кезегімен жүзеге асырылуда. 
Осыған орай бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қала әкімдігінің және аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен пробация қызметінің 2016 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары бойынша «Сен қоғамға керексің!» тақырыбында жиын өтті.
Аталған жиынға қала әкімі М.Қадырбек, Арыс аудандық прокурорының орынбасары А.Нұржанов, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында қалалық пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, әділет капитаны Б.Тобақабылов: «Шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету - пробация қызметінің басты мақсаты. Заңның шегінен шыққандарға бақылау жасау да осы қызмет құзырында. Абайсызда жаза басқандар сот үкімімен белгіленген барлық шарттарды орындауға тиіс. Олар ай сайын пробация қызметіне келіп, тіркеуден өтіп тұрулары керек. Шартты түрде бас бостандығынан айырылғандар бұл қызмет арқасында білімдерін жетілдіріп, белгілі бір мамандық иесі атануларына мүмкіндік бар» -деді өз баяндамасында. Жиынға қатысушылар сала мамандарына сұрақтар қойып, заң аясында тұщымды жауаптар алды.


Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17