• Бүгін: 14.08.2018

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінің мәдениет үйінде «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Әже – ұлттың ұйытқысы» атты байқауы өтіп, оған Монтайтас ауылдық округінің әжелері А.Абдуллаева, К.Үкібаева, М.Сұлтанова, М.Ақбалаева, М.Дайрабаевалар қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Арыс қаласының 60 жылдық мерекесіне арналды. Байқаудың мақсаты ата-бабадан мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, инабаттылық пен имандылыққа дәріптеу, отбасындағы әжелер тәрбиесін үлгі ету, олардың ақыл-кеңестері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау болып табылады. Ертеден ұрпақ тәрбиесінде әженің рөлі орасан болып келген. Жаңа түскен келінге де, ұрпақ жалғайтын ұлға да, қылықты қыздарына да әжелер ақылын айтып, өмірлік мәні бар жол сілтеп отырған. Қазіргі буын да сондай асыл әжелеріміздің мейіріміне, айтар ақыл-кеңестеріне бұл күндері де зәру. Осындай мақсатты ұстанған байқау барысында «Сәлем сөздің анасы» таныстыру рәсімі, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» сұрақ-жауап сайысы, «Шебердің қолы ортақ» қол өнер сайысы, «Салт-дәстүр жазылмаған заңымыз» және «Өнерге әркімнің де бар таласы» тақырыбында салт-дәстүрді сахналау бойынша бақ сынасты.


Байқауға облыстық «Арагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары, облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Ү.Айтөреева Шымкент қалалық «Аудан соғысының мүгедектер қоры» ҚБ-нің төрағасы Б.Тәжімбетов, Шымкент қалалық «Хазірет-Әли»мешітінің имамы Б.Иманқұлов, «Ерлік» мұражайының меңгерушісі А.Құдайбергенова, «Шуақты отбасы» газетінің редакторы, облыстық ардагерлер кеңесінің бас хатшысы Б.Тәжібаева қатысып, 
әділқазылардың шешімімен бас жүлдені К.Үкібаева, бірінші орынды А.Абдуллаева, екінші орынды М.Ақбалаева иеленіп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17