• Бүгін: 19.10.2019

ОҚО-да соңғы сегіз айда 53 051 нәресте дүние есігін ашқан

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың сегіз айында 53051 нәресте дүние есігін ашқан. Оның ішінде 521-і егіз болса, төртеуі үшем. Айта кетейік, елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келеді. Өңірде тәуелсіздік алған жылдардан кейін жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артқан. Ал материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарған. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылып жатыр. Осының нәтижесінде, бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші көбейіп келеді. Сондай-ақ өткен жылдың тиісті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 52636 сәби туылған. Айтпақшы, өңірде көп балалы ана ретінде 150 мыңнан астам әйел тіркелген. Оның 42 мыңға жуығы «Күміс алқа», 30 мыңнан  астамы «Алтын алқа» иегері. Бұл күндері жас та болса, көп балалы ана атанып, омырауларына «Алтын алқа», «Күміс алқа» таққан құрсақты аналар саны күн өткен сайын артып келеді. Ал, облыс халқының саны үш миллионға жетеғабыл. Тұрғындардың 42 пайызы Шымкент қаласында  қоныстанған. ОҚО жаңа туылған сәбилер саны жағынан республика бойынша бірінші орында.  Одан кейінгі көрсеткіште Алматы облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облыстары. Туу және халық санының артуы жағынан ОҚО Қазақстанның барлық батыс облыстарын қоса алғаннан озып шыққан: мәселен, ОҚО-да 2784,7 мың адам мекен етсе, ҚР батыс облыстарында 2636,6 мың халық тұрады (Маңғыстау обласында – 605,2 мың адам, Ақтөбе облысында – 821,6 мың адам, Атырау облысында – 580,4 мың адам, Батыс Қазақстан облысында – 629,4 мың адам). Демография мәселесі ешқашан еліміздің күн тәртібінен түскен емес. Ал, халық санының артуына облысымыздың қосып отырған үлесі зор.


 


 


Бөлісу:
NeooFaige жазған (2019-10-12 19:21:44):
Здесь вы можете заказать копию любого сайта под ключ, недорого и качественно, при этом не тратя свое время на различные программы и фриланс-сервисы.

Клонированию подлежат сайты как на конструкторах, так и на движках:
- Tilda (Тильда)
- Wix (Викс)
- Joomla (Джумла)
- Wordpress (Вордпресс)
- Bitrix (Битрикс)
и т.д.
телефон 8-996-725-20-75 звоните пишите viber watsapp
Копируются не только одностраничные сайты на подобии Landing Page, но и многостраничные. Создается полная копия сайта и настраиваются формы для отправки заявок и сообщений. Кроме того, подключается админка (админ панель), позволяющая редактировать код сайта, изменять текст, загружать изображения и документы.

Здесь вы получите весь комплекс услуг по копированию, разработке и продвижению сайта в Яндексе и Google.

Хотите узнать сколько стоит сделать копию сайта?
напишите нам
8-996-725-20-75 звоните пишите viber watsapp

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.