• Бүгін: 18.02.2018

ТІЛ – ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ

Қазақстан халықтарының тілдері күні және тәуелсіздіктің 25 жылдығына  орай  өткен аптада аудандық Х.Дулати атындағы Мәдениет үйінде «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты фестиваль болып өтті.  Фестивальдің ашылу  сәтінде тіл тақырыбына қатысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар ұлттық тіл тақырыбын қаузап жазатын журналдармен, сөздік кітаптар, баспадан басылып шыққан жаңа көркем әдебиеттермен  танысты. Мерекені тамашалауға келген бір топ меймандар арасынан елге белгілі қадірлі азаматтар - жергілікті жазушы Мархабат Байғұт, ОҚО-ның Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті журналисті Байдулла Қонысбек және аудандағы бірқатар жергілікті мекеме басшылары, халық қалаулыларын кездестірдік.    


Айтулы фестивальді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақбала Айтбаева құттықтау сөзімен ашты. «Көп тіл білу – заман талабы. Елбасы айтқандай,   жастар қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас үшін және ағылшын тілін халықаралық деп тануы керек» деген Ақбала Мүсілімқызы өзі бастап үлгі болып, қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын тілінде мүдірмей сөйлеп, жиналған көпшілікті күтпеген жерден таңғалдырды. Айпақшы  үш тұғырлы тіл саясатын дамыту бағытында бұл күндері ауданда «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» жұмыс істейтіні тілге тиек етілді. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің курсы ересектерге тегін оқытылады, тек ынта білдірушілер болса жеткілікті. Ал, мұнан соң ҚР «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, ОҚО-ның және Түлкібас ауданының Құметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы Мархабат Байғұт мерекемен құттықтап, көрермен жұртшылыққа ізгі тілегін білдірді. Фестивальдің ашылу салтанатына аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбеков қатысып, халық алдында сөз сөйлеп, бірқатар тіл жанашырларын марапаттады. Салтанатты іс-шараның соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздар ұжымының және этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17