• Бүгін: 23.10.2018 |$1 = ₸365.88

Оңтүстікқазақстандық республикалық тіл байқауында бірінші орынды иемденді

 «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» республикалық мемлекеттік тіл байқауына еліміздің облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы  халыққа қызмет көрсету орталығы филиалдарының өкілдері қатысты. Үшінші орынға Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің маманы Айжан Баялиева, екінші орынға Алматы облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің маманы – Дархан Болатов, ал бірінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің маманы  - Пернехан Досан ие болды. Ол мемлекеттік тіл туралы өзі шығарған патриоттық әсерлі туындысымен әділ қазылар алқасының есінде ерекше сақталып қалды.


«Біздің конкурс 5 кезеңнен тұрды, бұл – дәстүрлі өзін-өзі таныстыру, мақал-мәтелдер сайысы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтар және де мемлекеттік тілде құжаттар дайындау. Өйткені біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету. Барлық үміткерлер конкурсқа аса жауаптылықпен қарады, дегенмен ең мықтысы жеңіске жетті», - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.


Құмарғалиевтің айтуынша, конкурстың қазылар алқасының құрамы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен және т.б. тұрды.


«Бүгінгі күні мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын республикадағы негізгі мекемелердің біріне жатқызамын, себебі сіздер қызметтер көрсету кезінде адамдармен үнемі қарым-қатынаста боласыздар. Мен қазақ тілі саласындағы маманы ретінде аталған конкурсты – маңызды және өте дұрыс іс-шара деп айта аламын. Меніңше, осы іспеттес шараларды ұлттық компанияларда, акционерлік қоғамдарда, үкіметтік емес ұйымдарда, тіпті мемлекеттік органдар да өткізіп тұрудың пайдасы зор, - деп атап өтті ҚР  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Тіл саясатын талдау және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Жолдыбайқызы Исақова. Бұл орайда, конкурстың жеңімпаздарына естелік сыйлықтар берілгендігін атап өту керек. 


«Мен қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүргеніме және Оңтүстік Қазақстан облысының атынан осыны тағы бір мәрте дәлелдей алғаныма аса қуаныштымын» дейді конкурстың жеңімпазы Пернехан Досан. «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конкурсының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және жыл сайын Қазақстанда ҚР Тілдер күніне орайластырылып өткізілгендігін еске саламыз. 


«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17