• Бүгін: 16.08.2018

Қоғамның назарынан тыс қалмайды

Әлеуметтің аз қамтылған бөлігі - мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт кісілерге барынша қолдау көрсетілуде. «Отбасы күні» арнайы мереке ретінде аталып өткенімен осыған орай қайырымдылық шаралары әлі де жалғасып жатыр. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен арнайы шара ұйымдастырылды. Қамкөңіл жандар біруақ өздерін қоғамның бір мүшесі екендіктерін сезініп, марқайып қалды. Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйінде «Шаңырағым шаттығым» атты ашық сабақ өткізіліп, тақырып бойынша дайындап келген тақпақ, ән және билері орындалды. «Ару Ай» мейрамханасында Сайрам аудандық «Ар-Рохим» мүгедектер қоғамының демеушілігімен 105 (жартылай жетім және мүмкіндігі шектеулі балалармен азаматтардың) әр біріне төсек қаптағыш және 5 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Өз кезегінде олар бір сәт те болса қоғамның назарынан тыс қалмағандықтарына, жомарт жандардың қайырымдылығына ризашылықтарын білдірді. Кувейт Дүниежүзілік қайырымдылық қоры 50 жалғызілікті қарттарға ірі қара мал етін таратты. Сондай-ақ «ЯНС» ЖШС-і 80 мүмкіндігі шектеулі бала ата-аналарымен бірге «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағын» көріп тамашалап қайтуына көмектесті. Мұқтаж жандарды барынша қолдап, демеу көрсететін мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17