• Бүгін: 21.10.2018 |$1 = ₸366.11

Отырарда қолөнерге кеңінен көңіл бөлініп келеді

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының базасында орналасқан «Отырар қолөнер шеберлерінің орталығы» жақында өз жұмысын бастады. Яғни, бүгінгі таңда Отырар ауданында қолөнер саласының дамуына мән беріліп отыр. Осы мақсатта ашылған орталық қолөнер дүниелерін топтастырып, жинақтап, жүйелеп заман талабына сай түрлендіріп тұрғындар арасында насихаттамақ.


Қолөнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдар жасайтын ұсақ өндіріс түрі. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының мәдениет үлгісін, ұлттың қоғамдағы жағдайын, діни сенімін, салт-дәстүрін айқын аңғартып тұрады. Ертеде қазақ ауылындағы қолөнер шеберлері қолдарынан келген өнерлерін әкесі баласына, енесі келініне үйретіп, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған. Осы үрдісті шеберлеріміз П.Садықов, Н.Оспановтар жалғастырып, ауданымыздың өзге де шеберлерімен өнердің қыр-сырымен бөліспек.


Сондықтан қолөнерші өзге ізденімпаздарға арнаған шеберлік сабақтарын өткізді. Шеберлік дәрісінде П.Садықов «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын (тіл, дін, өнер, үлгі өнеге) орнымен пайдалану, бүгінгі күн үшін де ерекше маңызға ие екендігін айтып өтті. Соның ішінде ең бірінші шикі затты қалай таңдау қажеттілігі мен оны өңдеуден бастады. Сабақ барысында қатысушылар шеберлерге түрлі сұрақтарын қойып белсенділік танытып отырды. Шебер П.Садықов келесі сабақ жоспарын таныстырып, бірқатар тапсырмалар берді.


Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған орталық жұмысына шеберлік дәрістеріне қатысушылар ризашылықтарын білдіруде. Ұлттық қолөнер мен дәстүрлер сабақтастығын насихаттайтын орталықта шеберлік дәрістері жоспарға сәйкес әр апта сайын жалғасын тауып отыратын болады.


Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17