• Бүгін: 18.02.2018

Отырарда 84 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында республикамызда бірқатар оңды істер атқарылып келеді. Бұл бағытта бүгінде Отырар ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік бағдарлама өз үдесінен шығып отыр. Жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 1524 азамат өтініш білдірген. Қазіргі таңда жоспарланған меже 106,9 пайызға орындалды.
        Оның ішінде, бағдарламаның I бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша жеті нысанда 130 жұмыс орны ашылып, алпыс жеті жергілікті азамат жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта қосымша осы бағыт бойынша тоқсан бес жұмыс орны ашылып, елу азаматты жұмыспен қамту көзделуде.
        II бағыт «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» арқылы есепті мерзімде сексен бас адамға 214,2 млн. теңге шағын несие беріліп, онда тоқсан тоғыз  жұмыс орны ашылды. Он бес азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 
Бағдарламаның III бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» аясында бос және жаңа жұмыс орындарына 881 адам тартылып, жылдық жоспар 79,3 пайызға орындалды.
          Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындары отыз сегіз мекемеде ашылып, оған 121 адам жолданды. Ал сексен тоғыз жас маман жастар практикасына тартылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту да өз дәрежесінде орындалуда. Есепті мерзімде сексен төрт адам жұмыспен қамтылды.


Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17