• Бүгін: 21.05.2018

Оңтүстікте сәнді пальтолар тігіледі

Енді Оңтүстік Қазақстан облысында отандық күздік пальтолар нарыққа шығарылатын болды. Бұл үшін оңтүстікке Германиядан мамандар арнайы тігін және дизайн мамандары шақырылды. «Голден номад» тігін фабрикасы «Аға сарапшылар қызметі» бағдарламасы аясында шетелдіктердің тәжірибесін оңтайлы пайдаланып отыр. Облыстағы ерлер мен әйелдер костюмін тігетін жалғыз кәсіпорында дизайнерлер тапшы. Осынау олқылықтың орнын толықтыру үшін шетелдік аға сарапшылар мұндағы мамандарды оқытып, әлемдік стандартқа сай киім үлгілерін үйретуде. Екі апта ішінде өз тәжирбесімен бөлісетін германдықтар жергілікті жұмысшыларға заманауи технологияларды меңгеруіне көмектеседі.
Бұл — неміс дизайнерлерінің 2016-2017 жылдарға ұсынған әйелдерге арналған сырт киімдері. Осыған дейін қыз-келіншектер мен ерлерге, балаларға арнап костюмдер тігіп келген жергілікті фабрика маусым қарсаңында жаңаша дизайнда сырт киімдердің үлгілерін ұсынбақ. Бүгіннің өзінде шетелдік сарапшылардың көмегімен тігілген модельдердің бірқатары дайын. Айта кетейік, бүгінде облыстағы ерлер мен әйелдер киімін тігетін жалғыз фабрикада дизайнерлер жеткіліксіз болғандықтан, кәсіпорын басшылығы  әлемдік нарықтағы дизайнерлер мен кәсіби шебер-тігіншілерді қолқалап шақырып, тәжірибелерін ортаға салуын өтініп отыр. Кәсіпкерлер екі жақты әртіптестік өз жемісін беретінін сенімді. Биылғы маусымда қыз-келіншектер жергілікті мамандардың шетелдік сарапшылармен бірігіп дайындаған сырт киім үлгілерін киіп шығуына мүмкіндігі бар.


ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17