• Бүгін: 21.02.2018

Әйел құқығы сақталып жүр ме?

Қоғамдағы нәзік жанды әйелзатының құқығын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ж.Бектаеваның төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Комиссия отырысына аудан әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері мен ауылдық округ, поселке әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымдары қатысты.


Комиссияда ауданда «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар» туралы аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Т.Әділбекованың және Састөбе поселкесі және Кемербастау, Ақбиік, Жабағылы ауылдық округ әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары туралы комиссия төрайымдарының есептері тыңдалып, талқыланды. Ауылдық округтерде әйелдер ісін жандандыру жұмыстарын қолға алуды тапсырды.


Сондай-ақ, ауыл жастарына психологиялық кеңестер беру үшін аудандағы Алғабас ауылы "Алғабас" жалпы орта мектебінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің және Түлкібас аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан зардап шеккен жастарға психологиялық көмек көрсету жəне алдын алу" тақырыбында директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, мектеп жəне емхана психологтарымен семинар-тренинг, оқыту сабақтары мен мектеп жасындағы жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету үшін арнайы кездесу өткізілді. Кездесуге 300-ге жуық жасөспірімдер қатысты.Кездесу барысында түрлі психологиялық ойындар, сауалдар, сайыстар, тренингтер жүргізілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17