• Бүгін: 14.08.2018

ОҚО сәулеті тәуелсіздік жылдарында адам танымастай өзгерді

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов хабарлады. Спикердің айтуынша, сәніне сәулеті келіскен жобалардың басым бөлігі, яғни 40-тан астам ірі жоба, соңғы алты жылда – 2009-2015 жылдар аралығында іске асырылып, бой көтерген. Атап айтқанда, «Жер ана» монументі, Ордабасы алаңындағы субұрқақ, Жібек Жолы аллеясы (Т.Рысқұлов ескерткіші), Көркемөнер галереясы, Абай мұражайы, Диуани Хикмет аллеясы (Түркістан қ.), «Даңқ» мемориалы, Дендросаябақты қайта жөндеу, «Шәмші әлемі» сквері, спортшылар аллеясы, Неке сарайы, Жастар орталығы, Қабанбай батыр ескерткіші, Босанғанға дейінгі орталық, Облыстық филармония, «Қызғалдақ» субұрқағы, Әдет-ғұрып орталығы, Наурыз алаңы, Бәйдібек ата ескерткіші қай-қайсы да қазір халық игілігі үшін жұмыс істеп тұр. Жайлаукөл демалыс аймағы қала тұрғындары және қонақтарына арналған нағыз жанға жайлы, таптырмас демалыс аумағы екенін халық мақтанышпен айтып жүр. «Облыстың сәулеттік сәнін арттырып, көркейтуге бағытталған жұмыстар мұнан әрі жалғасын таба береді. Мәселен, Түркістан қаласына алпыс шақырым кіре беріс жерге түркі тілдес халықтардың қалашығын салу жоспарланып отыр. Шығыс халықтарына берілетін этно қаланы әр ұлт өздігінше әсемдейтін болады. Мұнан бөлек, таяуда өңіріміздің Қызылорда және Жамбыл облыстарымен шектесетін бөлігінде «Оңтүстік» символикалық қақпасы бой көтермек», - деді басқарма басшысы. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуына байланысты шуақты ауа райын, жанға жайлы табиғатын жалпы оңтүстік халқының меймандос келбетін айқындайтын белгі ретінде ұсынылады. Баспасөз жиынында Е.Жүсіпов облыстағы тұрғындар саны бес мыңнан асатын елді мекендерді бас жоспармен қамтамасыз ету жайы 98,1 пайызды құрайтынын жеткізді. Жұмыстардың атқарылуы жөнінен республика бойынша екінші орында тұрған аймағымызда 2020 жылға дейін бұл нәтиже 99,6 пайызға шықпақ.


 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17