• Бүгін: 18.02.2018

ОҚО-да «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті

Мемлекет басшысы: «Біздің ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге  Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білген жөн» деді. Ұлттың даму бағыт-бағдары ең алдымен – қазақ тілін құрмет тұту, қазақстандық этностар тіліне сыйластықпен қарау, бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ жалғастығы үшін орыс тілі мен ағылшын тілін жетік меңгеру талабы тұр. Сондықтан Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі облыста бірнеше күн қатарынан түрлі іс-шаралармен толығып, әрқандай тақырыпта ауылдар мен аудандарда мереке ретінде өткізілді. Бұл іс-шараларға көптеген тұрғындар қатысты. Тілдер мерекесінің қорытындысы болып - Шымкент қаласындағы драма театрында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасымен аяқталды. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша облыс тұрғындарын тіл мерекесімен өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың атынан құттықтады. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары тілдерді қолдану мен дамытуға үлес қосқан жиырма азаматты облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттаса, 11 тіл жанашыры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы мен облыстық мәслихаттың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік шара аудан, қала өнерпаздарының және этнос өкілдерінің концерттік бағдарламаларымен жалғасын тапты. Еліміз бүгінде түрлі этностың тілі мен салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленетін достық пен бірліктің мекеніне айналып отыр. Облысымызда барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға лайықты жағдай жасалған. Этностардың тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Бүгінде еліміздің біртектілігі мен бірлігін ту ғып ұстайтын жиырма этномәдени бірлестіктің 11-інің жанында жексенбілік мектептер бар. Айта кетейік, жалпы облысымызда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 91 пайызға, ал орыс тілін меңгергендер – 62,5 пайызға, ағылшын тілін меңгергендер – 8 пайызға жетіп отыр. Сондай-ақ, облыс аумағында тілдерді ақысыз үйрететін 14 оқу орталығы жемісті жұмыс жүргізіп келеді. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17