• Бүгін: 21.10.2018 |$1 = ₸366.11

"Еңбек күні" мерекесінде ардагерлер күш сынасып жарысты

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, "Еңбек күні" мерекесіне орай ОҚО, Ордабасы ауданында ардагерлер бас қосып, күш сынасты. Әр ауыл округінен үміткерлер қатысқан 60 азамат спорттың арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, дойбы түрлерінен өзара жарысты. 
Ауыр тасты көтеруден шұбарлық 65 жасар Ә.Нысанбаев үздік деп танылса, қол күрестіруден қажымұқандық И.Оразбаев өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Дойбы ойнап, шұбарлық ардагер М.Керімбеков жеңімпаз атанды. Арқан тартысқанда ардагерлердің күші анық байқалды. 
Сайыстың қорытысында жалпыкомандалық есеп бойынша І орын - Шұбар, ІІ орын - Қажымұқан, ІІІ орын Жеңіс ауыл округі ардагерлеріне бұйырды. Жеңімпаздар арнайы Алғыс хатпен, кубокпен марапатталды. Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық ардагерлер ұйымына алғысын білдіріп, сыйлық табыстады. Сонымен қатар, аптаның әр жұмасында ардагерлер үйінде шахматтан жарыс өтетіні келісілді  деп жазады Ордабасы аудандық әкімінің баспасөз қызмті.


Cонымен қатар, Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Еңбек күні» мерекесіне орай Созақ ауданында  әлеуметтік бағада ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Он екі ауыл округінің шаруалары өздері шығарған өнімдерді аудан халқына тиімді бағада ұсынды. Аудан әкімі М. Исаев барша еңбек адамдарын атаулы күнмен құттықтап, бірқаттар озат жандарға алғыс хат тапсырды. Қызылкөл елді мекеніндегі «Қайрат» балабақшасының басшысы, еңбек озаты Н. Төлеуова барша аудан халқын құттықтап, талмай еңбек етуге шақырды. Мерекеге орай безендірілген орталық алаңда аудандық мәдениет үйі қызметкерлері қойған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17