• Бүгін: 18.02.2018

Тіл жанашырлары марапатталды

        Тілдер мерекесі Оңтүстік Қазақстан облысының әр ауданында жалғасын тауып, өз деңгейінде өткізілуде. Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер сарайында Мақтарал ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 22-қыркүйек – тілдер мерекесіне орай «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мерекелік кеш болып өтті. Іс-шараға Мақтарал ауданы әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Қазақстан халық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, «ОҚО Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байғонақов қатысты.


            Мақтарал ауданы әкімі Ғ. Исмаилов өз сөзінде аудандағы ұлттар достығының берік болуына, әрбір шаңырақта тыныштық болуына тілек білдіріп, бүгінгі мерекемен аудан жұртшылығын құттықтады. ОҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Қалмұратов: «Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1022 мектептің 743-інде білім мемлекеттік тілде, 279-ында ұлттық тілдерде білім беріледі. Атап айтқанда, орыс тілінде 9, өзбек тілінде 15, тәжік тілінде 4 мектеп оқытылса, 251 мектепте білім аралас тілдерде (қазақ, орыс, өзбек, тәжік) беріледі. Этностардың тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналған. Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының мәңгілік тіліне, тәуелсіздігіміздің қуатты құралына, елдігіміз бен бірлігіміздің туына, бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуға тиіс. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да – егемен елдің ұландарын отансүйгіштікке баулу, мемлекеттік тілдің біріктіруші тіл екенін кеңінен насихаттау» - дейді.


Жалпы, қазақ халқының және Мақтарал ауданында өмір сүретін түрлі ұлттардың әншілері бүгінгі мерекелік кеште патриоттық тақырыптарда ән шырқаса, бишілері би биледі. Сондай-ақ, ауданда түрлі мәдениеттердің дамуына өз үлесін қосып жүрген бірнеше белсенділер «Алғыс хаттармен» марапатталды деп жазады Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Сонымен бірге Төлеби ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Төлеби ауданындағы мәдениет үйінде "Мемлекеттік тіл-мерейім" атты салтанатты жиын өткізілді. Оған мекеме-кәсіпорын басшылары, мектеп, балабақша қызметкерлері мен тіл жанашырлары қатысты.Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Пернебеков Мастерхан және аудандық маслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен маңыздылығын насихаттауға тілдік қарым қатынас мәдениетін қалыптастырып, Қазақстандық рухани бірлікті нығайтуға қосқан үлестері үшін бір топ тіл жанашырларын аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17