• Бүгін: 21.02.2018

Еңбек еткенге береке келер

Қоғамда еңбек адам ешқашан елеусіз қалмақ емес. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында Еңбек күніне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмек тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, түрлі салада тындырымды тірлігімен танылған үздіктерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерті мерекенің шырайын ашып, көпшілікке көтеріңкі-көңіл күй сыйлады.


Ал, Кентау қаласында да еңбек күні жоғары деңгейде аталып өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында іс-шара ұйымдастырылды. Алғы сөзді алған қала әкімі Ә.Мақұлбаев қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, бір салада көп жылдан бері қызмет жасап келе жатқан әулеттерді марапаттап, құрмет көрсетті.
Атап өтсек, Қонысбековтер отбасы, отбасылық ансамблі қала жұртшылығына танымал. 325 жылын өнер саласына арнаған отбасының ұйытқысы, ҚР композиторлар одағының мүшесі, Кентау қаласының құрметті азаматы Қонысбеков Әлімбек. Ансамбльдің жетекшісі Әлімбек Қонысбеков 50 жыл өмірін өнерге арнаған, оның жары Ұлтуар солист, әнші, үрмелі аспапта ойнайды. Еңбек өтілі – 43 жыл. Білім саласындағы Ахпанбетовтер династиясы, Ахпамбетов Нұрлыхан Еламанұлы қалалық білім беру бөлімінің әдіскері, жоғарғы категориялы маман болып жұмыс атқаруда.Оның анасы Өсербаева Құрманбибі Өсербайқызы, бастауыш сынып мұғалімінен мектеп директорына дейін қызмет атқарған, педагогикалық өтілі 45 жыл.Жұбайы - Мырзабаева Балхия Рахымбаевна Ә.Бөкейхан атындағы №23 жалпы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуде. Жоғарғы категориялы мұғалім, педагогикалық өтілі 32 жыл. Қарындасы Ахпамбетова Балхия - педагогикалық өтілі 32 жыл. Ахпамбетова Шарипа - педагогикалық өтілі 15 жыл. Осы секілді бірқатар еңбек династиясына айналған отбасылар марапатталды. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиевте жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап өтті. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17