• Бүгін: 18.02.2018

Төлебиде ауыз су мәселесі шешімін тауып келеді (ОҚО)

         Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы бойынша 55 елді мекеннің 51 елді мекені орталықтандырылған ауыз су құбыр жүйесімен қамтылған. Қырық бір елді мекен тәулігіне 24 сағат, сегіз елді мекен 12 сағат және екі елді мекен 8 сағат ауыз суды әзірге уақытпен тұтынып отыр. Төрт елді мекенде (Тағайна, Ақайдар, Әлішер-Науаи, Жаңакүш) су құбырлары жоқ. Аудандағы халық саны 116713 құрайды. Бүгінгі күнге аудан халқының 109360 адамы, яғни 93,7 пайызы орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылған.


            Көксәйек ауылдық округі «Қазақстан» ауылындағы су өткізгіштер және таратқыш тораптарының құрылысына 268892,64 мың теңге қаралған. Аталған қаржыға құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қаржы толығымен игерілген. Ағымдағы жылға, аталған құрылыс жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, бүгінгі күнге өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары толығымен тәмамдалды. Нысан осы жылдың тамыз айында мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданып, тұрғындарға пайдалануға берілді.


            Сондай-ақ Тасарық ауылдық округі «Тасарық» ауылындағы су өткізгіштер және таратқыш тораптарының құрылысына келсек, оның жобалық құны - 242 314,15 мың теңге. 2015 жылға облыстық бюджеттен 150 000,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Ал, «Оңтүстік» ауылындағы су өткізгіштер және таратқыш тораптарының құрылысына да облыстық бюджеттен 150 000,0 мың теңге бөлініп, қазіргі кезеңде бұл қаржыға құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан дер кезінде халықтың игілігіне берілді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17