• Бүгін: 18.02.2018

«Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» мерекеленді (ОҚО)

Шымкент қаласындағы Абай саябағында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» және «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен елдің бірлігі мемлекетіміздің басты байлығы екендігін атап өтті. Мерекелік жиында ел бірлігін нығайтуға, мәдениет аралық диалогты және қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарға Елбасының қолы қойылған «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық наградасы табыс етілді. Сонымен қатар, ынтымақтың ұйытқысы болып жүрген азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыс әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды.


Елдегі тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мақсатында өткен шараға Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары, өзбек этномәдени бірлестігінің аудан, қалалардағы филиалы басшылары мен өкілдері, өзбек халқының зиялы қауым өкілдері қатысты.


Сонымен қатар өңір тұрғындары арасында бірлік пен біртектілікті нығайту мақсатында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов Мақтарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды.


Алдымен Жетісай қаласында Қазақстан халқының тілдері күніне орай ұйымдастырылған «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мерекелік іс-шараға қатысып, қоғамдық келісімді қалыптастыруға лайықты үлес қосқан азаматтарды марапаттады.  Сапар барысында М.Қалмұратов этнос өкілдері жиі шоғырланған Жаңа ауыл, Жаңажол елді мекендеріндегі мақта алқаптарында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Ашық аспан астында болған басқосуларда елдің бірлігі мен ынтымағы, этносаралық татулықтың маңыздылығы және қоғамдық келісімді сақтау жайы кеңінен сөз болды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17