• Бүгін: 21.10.2018 |$1 = ₸366.11

ОҚО-да қайырымдылық концерті өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» іс-шарасы аясында «Жасай бер, Қазақстан!» облыстық өнер қызмет-керлерінің қайырымдылық концерті өтті. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылған кон-церттік шараға қайырымдылық жасау үшін өңіріміздің ардагерлері, кәсіпкер-лері мен жомарт азматтары және аудан, қала әкімдіктердің, облыстық басқар-малардың өкілдері, денсаулық сақтау мекемелері қатысты. Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойы аясында ұйымдастырылған қа-йырымдылық шарадан түскен қаржы облысымыздағы тірек қимылы бұзылған балалардың (ДЦП) еміне жұмсалатын болады. Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің күміс кө-мей әншілері мен мәдениет майталмандары тегін өнер көрсетіп, мерекелік кешке өз үлестерін қосты.


Жалпы бүгінгі қайрымдылық шараға түскен қаржының соммасы 1 млн. 116 мың теңге. Аталған қаржы «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымды-лық қоғамдық қорына аударылып, медициналық көмекті қажет ететін тірек қи-мылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалардың еміне жұмсалатын болады. Сонымен қатар, өңіріміздің қайырымды жандары өз қаржысын «ЖИТС-тан балаларды қорғаймыз» қайырымдылық қоғамдық қорының есепшотына (Ме-кеме реквизиттері - БИН: 060940002643, БИК: CASPKZKA, ИИК: KZ95722S000000527461, АО «KASPI BANK», Тел: 8(7252) 39-26-88, 8(7252) 39-48-59) аударуға да мүмкіндігі бар. «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» аясындағы ұйымдастырылған арнайы есепшот 2016 жылдың 16 желтоқсанына дейін жұмыс істейтін болады.


Айта кетейік, жыл басынан бері облыс көлемінде аталып өткен қайырым-дылық іс-шараларының ауқымы кең. Мәселен, облыстық жұмыспен қамтуды үй-лестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан және демеушілер тарапы-нан өңірдегі Батыр аналар мен көп балалалы аз қамтылған аналар, Ұлы отан со-ғысының ардагерлері, жалғыз ілікті қарттар, тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, мүгедек азаматтар және аз қамтылған отбасылар сынды 68 мыңға жуық азаматқа жалпы сомасы 31 млн. теңгедей ақша жұмсалған. Оның 70 пайызы қайырымды жандардың есебінен көрсетілген көмек болып табылады.


Ал осы мерзімде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Халқы Ас-самблеясы 100-ге жуық қайырымдылық іс-шараларын өткізді. Аталған игі шара-ларда 27 мыңнан астам адамға 84 млн. теңгеге жуық қаржылай және заттай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Ассамблеяның ұйытқы болуымен өңірдегі ауыр нау-қасқа шалдыққан 6 балаға Алматыда кезектен тыс ем алу үшін 800 мыңға жуық теңгені құрайтын емдік қолдау шаралары көрсетілді. Мұндай игі шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін жалғасатын болады.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17