• Бүгін: 09.12.2018 |$1 = ₸370.66

Ақылы теңіз дария

Қарттар күні деп жарияланған 1 қазан - мейірім мен ізгілік мерекесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында да ерекше аталып өтті. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде ауданда қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Осы мақсатта, Төлеби ауданының басшысы Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов бірнеше қарттың үйіне барып, мерекемен құттықтап, ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдірді.
Оның бірі Сұлтан Рабат елді мекенінің тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Тойчиев Құрбанәлі атамыз тоқсан бір жаста. Ол кісіге аудан басшысы арнайы сый-сияпатын табыстап, алғысын білдірді. Сонымен қатар Зертас ауылының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Мамытов Байзақ ақсақал 19 жасында соғысқа аттанып, 1947 жылы еліне оралған. Өмір жолы қиыншылыққа толы ақсақал соғыс жылдары көргендерін әңгімеледі. Бұхарбай Рысқұлұлы ақсақалға шапанын жауап, сый-сияпатын көрсетті. Аудан басшысының сый-сияпатын алып, алғысына бөленген тағы бір қариямыз Ұлы Отан соғысының ардагері Капустина Александра Петровна тоқсан төрт жаста. Александра Петровна мерекемен құттықтап келген аудан басшылығына дән риза болды. 
Ауданымыздың ең үлкен азаматы, 107 жасқа келген Анарбаева Раш апамыз Аққұм ауылдық округінің тұрғыны. Бұхарбай Рысқұлұлы бұл қариямен де сәлемдесіп, сый-сияпатын ұсынып, батасын алды. 
Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікпен тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа таусылмас қазына.


Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.