• Бүгін: 21.10.2018 |$1 = ₸366.11

Ұстаздар күні – дәрежесі биік, ұлағатты мереке

Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті.  Мерекелік шараға қатысқан өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов барша ұлағатты ұстаздарды құттықтап, марапаттады деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Шәкірттерге білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын және тәлім мен тәрбие беретін  ол ең алдымен – мұғалім. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Сондықтан, ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге, Ұстаздар, алғыс білдіремін»,- деді өз құттықтауында аймақ басшысы. Салтанатты шарада шәкірт жолында талмай еңбек еткен өңірдің үш ұстазы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және  білім саласының дамуына өз үлестерін қосқан он сегіз мұғалім облыс әкімінің Грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, осы күні ұлағатты төрт ұстаз «Ыбырай Алтынсарин» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен наградталса, 10 мұғалімге министрліктің «Құрмет грамотасы» және Алғыс хаттары табысталды. Айта кетейік,  жалпы облыста алпыс алты мыңнан астам мұғалім бар болса, оның он бес мыңнан астамы білім беру ісінің үздігі, ал он үш мыңға жуығы жоғары санаттағы ұстаздар.


Сонымен қатар, мереке қарсаңында оңтүстікқазақстандық ұстаз республикалық байқауда жеңімпаз атанды. Яғни, Астанада мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «2016 жылдың үздік педагогы» деп аталған шарада Төле би ауданы №1 мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрила Байтасова республикалық конкурс жеңімпазы болып табылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен биылғы бауқайға 5 620 үміткер қатысып, оның 48-і түрлі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Олар Мақтау қағаздарымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Олай болса, нағыз білім жолында тер төккен аяулы ұстаздарымызға - еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін, жауапкершілік жүгі ауыр ұлағатты мамандықта табысты болыңыздар демекпіз.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17