• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Ұстаздар қауымы құрметке бөленді (ОҚО)

Оңтүстікқазақстандық ұстаздар өздерінің төл мерекесі қарсаңында ерекше құрметке бөленді. Мұғалімдер күні - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы  "Rіхоs Kһadisһa" қонақ үйінде салтанатты жиын ретінде өткізіліп, педагогика саласында ұзақ жылдар талмай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздарға қошемет көрсетілді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәрбие тағылымын дарытып - ұлылықты бойына жинаған, білім кеңістігінде сәулелі нұрын шашып, ұшқыр ойын шәкірттеріне арнаған мәртебелі ұстаздарды салтанатты құттықтап, марапаттау үшін Шымкент қаласының  әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы келді. Жиынға облыстық білім басқармасының, «Нұр Отан» партиясы және қалалық мәслихат депутаттары, ардагер ұстаздар, қаладағы 129 жалпы орта білім беру, 88 мектепке дейінгі және 8 қосымша білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Мерекелік шарада ізгі еліміздің ізетті, саналы ұрпақтарын тәрбиелеуде, сапалы білім беруде адалдық танытып, бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған алты мұғалім Шымкент қаласының әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ, білім бөлімінің бірқатар қызметкерлері, қаланың білім беру мекемелерінің бірінші басшылары мен мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері салтанатты түрде алғыс хаттар алды. Айта кетерлігі, қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы барлық педагогтар саны – 16 278 , оның ішінде жоғары санатты – 4 290, І санатты – 3 886, ІІ санатты мұғалімдер - 4 555 болып отыр. Сонымен қатар, биыл еліміздегі барлық мектептер арасында арнайы жарияланған акция қорытындысы бойынша, қаламыздағы 25 жылдық тарихы бар, тәуелсіздікпен қатар бой түзеген Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясы республика деңгейінде І орынды иеленді. Бұл орынды мектеп оқушылары мен ұстаздары «Мен өз Отанымды сүйемін!» деген аталым бойынша патриоттық рухымен, мектепке деген құрметімен ерекшеленген видео-нұсқа арқылы жеңіп алды деп хабарлайда Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.