• Бүгін: 18.02.2018

Перзенттік парыз

Қарттар күні мерекесін түркістандықтар да салтанатты жағдайда атап өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қалалық Мәдениет үйінде өткен арнайы шараға шаһардағы бірқатар қарттар шақырылып, арнайы концерттік бағдарлама қойылды. Аталған шара түркістандық ақын-жазушы Елтай Бимаханбетұлының «Үлкен қателік» драмалық шығармасымен ашылды. Өмірлік тәрбиелік маңызға толы бұл туындыны жастар үлкен жылылықпен қабылдады деп жазады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«Еліміздің көркеюі мен кейінгі толқынның қандайда бір жетістіктеріне жетуіне алдыңғы буын ағалардың маңдай тері деп білемін. Зейнеткерлікке шықсаңыздар да, елді бірлікке ынтымаққа шақыруда орасан зор еңбектер жасаудасыздар. Қарттарды мейлінше мейірім шуағына бөлеу біздің перзенттік парызымыз»,- деді шарада қарттарды құттықтаған қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев. Сондай-ақ, үлкенді-сыйлау барынша парасаттылықтың белгісі деген батагөй ақсақал Е.Бимаханбетұлы жиылған жұртқа батасын берді. Салтанатты шара соңында қаладағы бірқатар қарттарға қала әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.


Ал, Кентау қаласында ардагерлер арасында спорттық жарыс өткізілді. Ардагерлерін ардақтап, құрметтейтін еліміз бұл күнді қашанда еске алып атап өтуде. Соның негізінде ардагерлер кеңесінің ғимаратында тоғызқұмалақ, шахмат, бильярд спорттық ойындарынан турнир болып өтті. Кентау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев ардагерлерге денсаулық тілеп мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар жылына екі рет спорттық ойындарды ардагерлер арасында ұйымдастырып тұратынын атап өтті. «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сағынбек Асылбеков пен қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қанат Мұсабаев жарысқа қатысқан ардагер аталарды құттықтап, жеңімпаз атанған ардагерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыстады деп жазады Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17