• Бүгін: 21.02.2018

Созақта "Әже -ұлттың ұйытқысы" атты байқауы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы "Мыңжылқы" мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жарқын мәдени іс» аясында «Әже – ұлттың ұйытқысы» байқауының ақтық сайысы өтті. Байқау аудандық ардагерлер кеңесімен, аудандық әжелер кеңесімен бірлесе жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұған дейін ауданның бірнеше ауыл-аймағында әжелер арасында сайыс өтіп, аталған ақтық сынға өз аймақтарынан үздік шыққан әжелер қатысты. Қорытынды байқау, ережеге сай, әжелер өнерлерін көрсетіп, түрлі сындардан өтті. Қазіргі кезде қоғамда мейірімсіздік, қатыгездік, тағы басқа әлеуметтік мәселелер белең алып кеткендіктен, оларға қалай тыйым салуға, алдын-алуға болады? Мұндай кезде қандай тәрбиелік-танымдық маңызды нәрселерді қолға алған жөн? Баяғыда ата-әжелеріміз қаншама батырларымызды, ақындарымызды қалай тәрбиелеп шығарған? Бүгінгі әже-аналарымыздың келбеті қандай? Міне, бұл байқау осы сұрақтарға жауап іздейді, қазіргі ұрпақ тәрбиесінде кетіп жатқан олқылықтардың орнын толтыруды көздейді. Оның үстіне әже тағылымын алған бала мейірімді, кеңпейіл, жомарт, көреген болып өседі. Өкінішке орай, соңғы кезде әже мен немере арасындағы сыйластық қарым-қатынас азайып кеткені баршаға аян. Өйткені, қазіргі экономикалық жағдайға байланысты жас аналардың балаларын балабақшаға беріп, әже мен немере арасындағы қарым-қатынастың алшақтауынан болып отыр. Сондықтан, анасы балаға тікелей үйрету жолымен дұрыс іс-әрекет жасаса, олай болмас еді. 


Осындай көріністер әжелер байқауында сахналық қойылымдармен мысал ретінде көрсетілді. Қойылымдар барысында әже мен немеренің қарым-қатынасы, ертегі айтуы, тарихтан сыр шертіп, шежіреге тоқталуы - бәрі алақанға салғандай көрініс тапты. Ежелгі тарихта көрсетілгендей отбасындағы тәрбиенің ұйытқысы әжелер бала тәрбиесімен де тікелей айналасатын еді. Баласынан туылған баланы жастайынан бауырына басып, оның бойына ұлттық құндылықтарды енгізе білді. Қаршадайынан әженің ғажайып әңгімелері мен ертегілерін тыңдап, сол арқылы халықтың сан ғасырлық мұраларын бойына сіңіріп, әже тәрбиесінің рухани нәрімен сусындап, артына өшпес із қалдырған қазақтың ұлы тұлғалары Ыбырай, Шоқан, Бауыржан, Қажымұқан, қай-қайсысын алсақ та, әже тәрбиесін көріп өскен. Сонымен ұлт тәрбиесі хақында бағын сынаған өнегелі әжелерді сарапқа салған қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Таукент кентінен келген «Ақ әжелер» тобы жеңіп алса, бірінші орынды Құмкент ауыл округінен келген «Әжелер» тобы еншіледі, ал екінші, үшінші орынды Сызған ауыл округі мен Жуантөбе ауылы округінен келген «Алтын ұя», «Асыл әже» тобы алды. Байқауға қатысушы үміткерлер үздік өнер көрсеткені үшін арнайы номинациялармен марапатталды. Аудандық байқауда бас жүлдесін жеңіп алған Таукент кентінен келген «Ақ әжелер» тобы облыстық байқауда аудан намысын қорғайтын болады.


"OKO-13" ақпараттық порталы


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17