• Бүгін: 18.02.2018

Еңбектері ерен ардагерлер

Қарттар мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов ардагер ақсақалдардың үйіне барып мерекелерімен құттықтап қайтты. «Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны ерек. Себебі, әрқайсыларыңыздың Мақтарал ауданының дамуына, өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз зор екенін жақсы білеміз. Талайларды тәрбиелеп, арттарыңызға ұрпақ қалдырдыңыздар. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да сіздер бізге игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер», - дейді Ғ.Исмаилов. Қадірлі қарттарға ыстық ықыласын білдірген әкім өз сыйлықтарын табыстады деп жазады Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда Мақтарал ауданында қарттар мен ардагерлерге үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына өз үлесін қосқан ардақты да аяулы осы қарттарымыздың арқасы екені мәлім. Мақтарал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев: «Ұлы Отан соғысы жылдары Мақтарал ауданынан 15 000 жауынгер соғысқа аттанса, соның 4 мыңы қайтып келген. Ал, дәл бүгін сол 4000 ардагердің тек 15-інің ғана көзі тірі. Бекжан Тоқсанбай мен Николай Дзецина ақсақалдарымыз сол көзі тірі қарттарымыздың бірегейі» - дейді өз сөзінде.


                                                                         * * *


 Сондай-ақ дәл осындай игі шара Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында да ұйымдастырылды. Шардаралық атақты қариялардың бірі де бірегейі - Перуза апамыз. Кезінде алғаш құрылған шаруашылықтың бірі – бұрынғы «Восход» кеңшары (қазір Қоссейіт ауылы) құрылған 1965 жылдан бастап, зейнет демалысына шыққанша ауылшаруашылығы саласында тер төккен Перуза Бекетқызының есімі жалпақ жұртқа кеңінен таныс. Бұл қарияға да аудандық әкімдік тарапынан ерекше құрмет көсетілді. Күріш өсірудегі ерен еңбегі үшін Перуза Өтемісова ІІІ, ІІ, І дәрежелі «Еңбек Даңқы» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Қазақстан Компартиясы ХІІІ, ХІV съездерінің делегаты, ОК-нің мүшесі болған Перуза Бекетқызы ер азаматтардан қалыспай еңбек етіп, аудан экономикасының табысын арттыруға зор үлесін қосты. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан соң Қоссейіт ауылынан жеке шаруа қожалығын ашып, диқаншылықпен шұғылданып келеді. «Күміс алқа» белгісінің иегері, Шардара ауданының Құрметті азаматы Перуза Өтемісова бүгінде 85 жастағы бақытты ананың бірі. Немере-шөберенің ортасында бақытты ғұмыр кешіп отырған Перуза апа әлі күнге тың. Кемшілік көрсе бет-жүзіңе қарамай кесіп айтатын қаһарман апаны ауылдастары қатты құрмет тұтады. Шардаралықтар Перуза Өтемісова сынды асыл текті ардагер анамен мақтанады. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен апамыздың деніне саулық, отбасына амандық тілейміз дейді шардаралықтар. 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17