• Бүгін: 09.12.2018 |$1 = ₸370.66

Тәжік этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында тәжік этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті.  Іс-шарада Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов барша қатысушыларды құттықтап, қоғамдық келісім мен тұрақтылық – біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті. Өз кезегінде облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Акабай Құдайқұлов  Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді.


«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің,  қасиетті Отанымызда өмір сүріп жатқан барлық этностар достығының ең басты және берік іргетасы. Ол елдігіміздің қалыптасу, Тәуелсіздігіміздің нығаю тарихында, Қазақстан Республикасының Конституциясын жалпы халық болып қабылдауда, терең экономикалық реформалар жүргізуде және қоғамымыздың әлеуметтік және саяси негізін ауқымды жаңғыртуда айрықша рөл атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің көпұлтты халқымыздың бірлігін сақтайтын мәңгілік қорғанына айналды. Ол бірлік,  тұрақтылық, толеранттық, жалпыға ортақ еңбек, патриотизм сияқты ортақ құндылықтарымызды қазақстандықтардың санасына сіңіруде...» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға Ассамблеяның 20 жылдығы мерекесіне орай осылай деп жүрекжарды құттықтауын арнаған болатын. Иә, расында да «Қазақстан» атты алып шаңырақтың шайқалмай, босағасының берік болуына мемлекетімізде мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың арасындағы татулықтың көп септігі тиіп жатқанын күнделікті өмірде өзіміз де көріп-біліп жүрміз. Салтанатты  жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды. Айта кетерлігі, бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 35 мыңнан астам тәжік этносының өкілдері тұрады.  Облыста 1995 жылы ашылған тәжік этномәдени бірлестігі ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытында өңірде атқарылған барлық кешенді іс-шаралардың жанынан табылып келеді.

Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.