• Бүгін: 09.12.2018 |$1 = ₸370.66

Егде адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отарыр ауданы, аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөліміне қарасты "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу барысында әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов бекіткен іс-шарасына сәйкес "25 қайырымды іс: егде адамдарды әлеуметтік қолдау" айлығы акциясын ұйымдастыруда. Жиырма тоғызыншы қыркүйек күні Маяқұм және Отырар ауыл округінде әлеуметтік күтімдегі жалғызілікті қарттар мен мүгедектердің үй-жайына, дала жұмыстарына көмектесіп, мектеп оқушыларын ұйымдастырып көмек көрсетті, қайырымдылық акциясы 26 қыркүйектен 2 қазанға дейін барлық ауыл округтерінде жалғасын табады. Қазірдің өзінде мектеп оқушылары қарттардың үйінде болып, қора-қопсыларды тазалауға, үй ауласын қоқыстан арылтып, бақша жұмыстарын реттеуге қол ұштарын берді. Мұндай жұмыстар балаларды еңбек етуге тәрбиелесе, бір жағы қоғамда қайырымды, ізгілігі мол азамат болып өсіп шығуына септігін тигізеді. Әлеуметтік қызметкерлер мен жеткіншектердің өз шаңырақтарына келіп, қолғабыс бергендеріне қариялар да қуанып қалды, көңілдері баладай жадырап, мәре-сәре болып, оқушыларға алғыстарын жаудырды. Үлкендердің ризалығын, алғысы мен батасын алған баланың болашақта жаман болмасы анық. 


Сондай-ақ, аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен бекітілген «Өрлеу бағдарламасына, жұмыспен қамту шараларына қатысу мүмкіндіктері және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдаумен қамту туралы жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің» аралау кестесіне сәйкес Қарғалы, Отырар,Талапты, Қоғам, Мыңшұқыр елді мекендерінде жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.