• Бүгін: 16.08.2018

Жаңа мектептің қазығы қағылды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданындағы Жиенқұм елді мекенінде 150 орындыққа лайықталған "Жиенқұм" жалпы орта мектебі іргетасының қазығы қағылды. Мектептің құрылыс жұмыстары биылғы жылы басталып, келесі 2017 жылдың оқу мерзіміне аяқталып, пайдалануға берілмек. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстарын "Нұрдәулет LTD" ЖШС-і жүргізеді. Жаңа мектептің қазығын қағу рәсіміне Бәйдібек ауданының әкімі Батырбек Көшербай қатысты. Шара барысында ауылдың қариясы, ардагер ұстаз, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы М.Тілеубердиев елдің атынан алғыс білдіріп, бастамаға сәттілік тіледі. Негізі "Жиенқұм" жалпы орта мектебі Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша алғашқы үштіктен түскен емес. Мұнан бұлай жаңа мектептің салынуы - оқушылар мен мектеп ұжымы үшін әрі қарай да озық атануларына жаңа серпін болмақ.


Сондай-ақ, Бәйдібек ауданында таяуда ғана "Балапан" бағдарламасы аясында "Балауса" балабақшасы пайдалануға берілді. Бұл ауылда биылғы білім күні жаңа мектеп ғимараты ел игіліне берілген болатын. Қазір балалар жаңа мектепте оқып жатыр. Ал, мектептің бұрынғы ескі ғимараты да ескерусіз қалған жоқ. Оны да пайдаға асырып, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға ағымдағы жөндеуден өткізу арқылы 50 орындық балабақшаға айналдырылды. Міне, енді жаңа мектептің соңы көп күттірмей жаңа балабақшаның ашылуына жалғасқан ауыл тұрғындары үшін тағы да үлкен қуаныш болып отыр. Балабақшаның ашылуына қатысқан аудан әкімі Батырбек Көшербайұлы бұл балабақша ауылға мемлекет тарапынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған тарту екендігіне тоқталды. Сонымен қатар аудандағы №5 спорт мектебінің есебіне алынған спорт залға да қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы да елді қуанышқа бөлеп жатыр. Бұл аудандағы жыл басында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты пайдалануға берілуге тиісті нысандардың жиырма екісі болып табылады. Аудан басшылығы әлі де аудан көлемінде жаңа мектептер мен балабақшалар бой көтеріп, халықтың қуанышқа кенелетініне сенімді. Тек бәрі де өз уақытысы, өз ретімен жоспарға сай іске аспақ. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17