• Бүгін: 21.02.2018

Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері сенбілік өткізіп, жеміс ағаштарын отырғызды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық қалалары мен облыс орталықтарында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында Оңтүстік Қазақстан облысының филиал қызметкерлері елу бес ағаш отырғызды, оның ішінде жеміс ағаштары, қарағай, шырша ағаштары бар. Сенбілікке мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің инспекторларынан бастап, басшыларына дейін белсенді атсалысты. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ Акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы -"Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің директоры Серік Авганбаевтың мәлімдеуінше, шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған кең ауқымды «25 игілікті іс» акциясы шеңберінде өткізілуде.


«Бүгін біз ел болып атап өтіп отырған айтулы мерекеге өз үлесімізді қосудамыз. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жеміс 55 ағашын отырғызды», - деді Авганбаев. Естеріңізге салсақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізіп отырған мұндай шара бірінші рет аталып отырған жоқ. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік корпорацияда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған республикалық спартакиада және мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» тақырыбында республикалық байқау, ал шілде айында – «Қазақстан балалар көзімен» тақырыбында мемлекеттік корпорация қызметкерлері балаларының арасында сурет салу байқауы өткізілген болатын. Корпорацияның облыстық филиалы алдағы уақытта да әлеуметтік мәдени іс шараларды және бұқаралық сипаттағы сенбіліктер, қайырымдылық істерді жалғастырып, ойдағыдай өткізе беретіні, қоғамда белсенділік таныта беретіні анық.  


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17