• Бүгін: 14.08.2018

Ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының Ақтөбе ауыл округіне Түркістан қаласының медицина қызметкерлерінен құралған «Денсаулық - 2016» автокеруені келді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастылған шарада құрамында хирург, терапевт, стоматолог, кардиолог, акушер-гинеколог, сондай-ақ биохимиялық лабораториясы және УЗИ, Рентген аппараттары бар медициналық топ ауыл тұрғындарымен жүздесіп, оларға жан-жақты медициналық қызметтер көрсетіп, ақыл-кеңестер берді. 
Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауларында және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында еліміздің денсаулық сақтау саласының өсіп-өркендеуіне, халық денсаулығының нығаюына ерекше назар аударып келеді. Сондықтан еліміздің медицина саласы да әлемдік көштен қалмай, азаматтарға қызмет көрсету сапасы да жыл санап жақсарып отыр. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауыл тұрғындарына тегін медициналық қызметтер көрсетіп, науқастарға ақыл- кеңестерін берген ақ халатты абзал жандарға аудан әкімінің орынбасары Р. Әліш көпшілік атынан алғыс білдірді. Көршілес Түркістан қаласынан келген «Денсаулық-2016» автокеруені 4 қарашаға дейін ауданымыздағы бірнеше елдімекенді аралап, халыққа қызмет көрсетпек.


Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Денсаулық-2016» автокеруені бүгін ат басын Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Көксарай ауылына бұрды. Заманауи технологиялармен қамтылған автокеруенде УДЗ, Рентген апппараттарымен қатар биохимиялық лаборатория кабинеттер тұрғындарға қызмет көрсетті. Ал, басы ауырып, балтыры сыздаған науқастар хирург, терапевт, акушер-гинеколог, стоматолог мамандарға тексерілді. Сондай-ақ, білікті мамандардан құралған медициналық топауыл тұрғындарына кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ауыл тұрғындарына тегін қызмет көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға Көксарай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Тоқбергенов, ауылдық емхана қызметкері М.Дүйсенбек алғыс сезімдерін білдірсе, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Б.Құдабаев Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан әкімдігінің арнайы шақыртуымен келген Түркістан қалалық медицина қызметкерлерінің жұмыстарына шексіз ризашылығын жеткізді. Аталған автокеруен көксарайлық тұрғындарға үш күн бойы тегін қызмет көрсетеді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17