• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Жастарды ауылға тарту және жұмыспен қамту мәселесі қаралды

ОҚО, Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Ұшқын» жастар қоғамдық бірлестігі қоғамдық-саяси жағдайды сараптау және талдау үшін Арыс қаласы тұрғындары арасында әлеуметтік зерттеу мақсатында жиын өттізді. Аталған жиынға қалалық «Ардагерлер кеңесі», «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігі, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, дін салаларының мүшелері қатысты. Ашық әңгіме түрінде өткен кеңес отырысына қатысушылар елді мекендерде дәрігер мамандарға сұраныс көптігін ескеріп, медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін ауылдарға жіберуді, техникалық мамандықтарға жастарды көптеп тарту керектігін, шағын несиені беру тетіктерін оңтайландыру, жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, өзекті мәселелер көтерілді.


Сондай-ақ Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлы жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген қала тұрғындары жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті жүргізу, жер телімін алу мәселелері бойынша өз өтініштерін білдірді. Жеке қабылдауға жазылған 48 азаматтың өтініштері қаралып, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Күрделі мәселелермен келген азаматтардың өтініштері мен жинап әкелген құжаттарымен танысып, олардың қорытындысы бойынша шешімдер қабылданатын болады.  Мұнан соң, қала
 басшысы қаладағы Отырар мөлтек ауданында жол салу, ауыз су құбырлары мен жарық бағандарын тарту жұмыстарының барысымен танысты. Мақсаты құрылыс жұмыстарының сапалы болуына мән беру және тиісті мерзімінде берілуін қадағалау. Нысанды аралау барысында шаһар басшысы М.Қадырбек жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріп, мердігер мекеме басшыларына жұмысшыларды «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі мемлекеттік мекемесіне тіркелген жергілікті жұмыссыз азаматтардан жасақтауды және құрылыс материалдарын сатып алуда отандық өнімдерге басымдық беруді тапсырды. 


Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.