• Бүгін: 23.05.2018

Дәстүр жалғастығы жойылмасын

       Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Арыс қаласының алпыс жылдық мерейтойларына орай Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында әжелер арасында «Әже – ұлттың ұйытқысы» атты байқау қаламызға қарасты алты ауылдық округтерде өтіп, жеңімпаз атанған әжелеріміз қалалық деңгейде өткен сайыста өзара бақ сынасты. Байқаудың мақсаты ата-бабадан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрімізді, данагөй қарттарымыздың өнегелі қасиеттерін келер ұрпақтың бойына сіңіріп, инабаттылық пен имандылыққа дәріптеу, отбасындағы әжелер тәрбиесін үлгі ету, олардың ақыл-кеңестеріне құлақ түріп, зейін қою және ұлттық құндылықтарын насихаттау болып табылады.


         Аталған байқау барысында әдеттегідей байқау шартына сәйкес «Сәлем сөздің анасы» тақырыбында таныстыру рәсімі, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» сұрақ-жауап сайысы, «Шебердің қолы ортақ» қолөнер сайысы, «Салт-дәстүр жазылмаған заңымыз» және «Өнерге әркімнің де бар таласы» тақырыптарында салт-дәстүрді сахнада бейнелеу арқылы бақ сынасты. Әділқазы алқаларының шешімімен бас жүлдені Монтайтас ауылдық округінен үкілі үмітті ақтаған Үкібаева Клара,  бірінші орынды Қожатоғай ауылдық округінен асыл ана Саргелдиева Шәмшат,  екінші орынды Арыс қаласынан көпті көрген қария Сейітқасымова Роза мен Ақдала ауылдық округінен ақылға кен - Мұсаханова Гүлсара, үшінші орындарды Байырқұм ауылдық округінен айтары мол - Аманова Гүлзейнеп, Дермене ауылдық округінен көненің көзін сақтай білген Күдірбекова Мәрзия, Жиделі ауылдық округінен ізеттілігімен тәнті еткен Қарақойшиева Еркештер иеленіп, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17