• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Түлкібаста тәуелсіздік жылдарында 160-қа жуық нысанның құрылысы жүрген

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Түлкібас ауданының жетістіктері жайлы Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков мәлімдеді. Жалпы, Түлкібас ауданында 1991-2016 жылдары әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып, ауданда құрылыс саласында жаңа мектептер мен балабақшалар салу қарқын алып, жалпы бұл жылдар аралығында 160-қа жуық нысанның құрылысы жүрген. Сонымен қатар мемлекет тарапынан беріліп отырған бағдарламалар арқылы ауданда 1026 жоба қаржыландырылып, белсенді өзін-өзі жұмыспен қамтушы және жұмыс беруші жеке кәсіпкерлер саны 2961 бірлікті  құраған. 


Аудан әкімі журналистермен болған кездесуде ауданда соңғы 25 жылда халық саны 26 мың 600 адамға өсіп, халықтың өмір сүру ұзақтығы 5 пайызға жоғарылағанын айтты. «Түлкібас ауданы табиғаты тамаша туристік аймаққа жататындықтан ауданға инвестиция тарту мәселесінде жобаның Түлкібастың климатын бұзбайтындай қауіпсіз болуын қатаң қадағалаймыз. Яғни, біздің ауданда орналасып, жұмысын бастайтын өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, терең өңдеу, мал бордақылау, етті өңдеу сынды зиянсыз кәсіп түрлерімен айналысатын болады», - деді Ә.Тұрғымбеков. Мұнан бөлек, ауданның  жалпы өңірлік өнімі 2016 жылы 54 млрд. теңге болып, 7,3 есеге өсіп, жан басына шаққанда 487,4 мың. теңгеге жеткен.  Ауданның табиғи ерекшелігіне сай қарқынды дамып келе жатқан туризм және ауылшаруашылығы саласы жайлы тілге тиек еткен аудан басшысы бүгінгі таңдағы аудандағы өзекті мәселелер мен алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы да өз ойын ортаға салды. Алдағы уақытта Түлкібас ауданында  туризм саласы мен  алма және сүт кластерін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу  қолға алмақ.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.