• Бүгін: 21.05.2018

Шардара қаласы күніне орай азық-түлік төмен бағада сатылды

      Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында «Қала күніне» арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шара таң азанымен ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесімен басталды. Аудан әкімдігінің алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеде қала мен ауылдық округтерде өндірілетін өнімдер базар бағасынан төмен бағамен халыққа ұсынылды. Жеке кәсіпкер Т.Жалғасбаевтың балық зауытынан әкелінген мұздатылған балықтар келісі 20-30 теңгеден сатылса, Жаушықұм ауылының жуасы 30-40 теңгеден саудаға шығарылды. Басқа да қауын-қарбыз, күріш пен бақша дақылдарын қала тұрғындары қол жетімді бағада сатып алып жатты.
Қала күніне арналған жәрмеңкені аудан әкімі Арман Абдуллаев пен қала әкімі Нұрмахан Сапаров бастаған топ аралап көрді. Аудандық орталық стадионда аталмыш мерекеге орай спорттың футбол, волейбол, қол күресі, жеңіл атлетика түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қала күні мерекесі кешке қарай «Алты алаш» алаңында жалғасын тапты. Мерекеге жиналған қонақтар қала мектептері мен балабақша мекемелерінің қала күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әзірлеген көрмелерін тамашалады. Кеме үлгісіндегі сахна үстінде қала тұрғындарын аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов пен қала әкімі Нұрмахан Сапаров құттықтады. Мұнан соң қаланың тазалығы мен көркейіп-гүлденуіне айрықша үлес қосып жүрген мекеме, ұйымдар «Ағыс хатпен» және сый-сияпаттармен марапатталды. Қала күніне арналған салтанатты концертке аудандық «Абай» Мәдениет үйінің өнерпаздары, «Ақ әжелер» ансамблі, «Шымкент» вокалды ансамблі және Шардарадан түлеп ұшқан басқа да өнерпаздар келіп қатысып, жұртшылыққа көтеріңңкі көңіл-күй сыйлады. Қала күні мерекесінің соңы қызылды-жасылды отшашуларға ұласты.



Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17