• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Тәуелсіздік жылдары ОҚО халық саны 1 млн-ға өсті

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті. Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы егемендік алған жылдардан бері қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Мәселен, Тәуелсіздік алған жиырма бес жылда облыс  халқының саны бір миллион сегіз жүз мың халықтан екі миллион тұрғынға жетіп, осы аралықта 1 миллионға өскен. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде 1491 мектепке дейінгі ұйымдар мен 444 жаңа мектеп пен 347 денсаулық сақтау нысандары салынды. Нәтижесінде 117 апатты білім ошағының мәселесі шешілді. Сондай-ақ, биыл 25 жылдық мерейтой аясында 25 білім ошағы ел игілігіне берілген.


Брифингте спикер - ширек ғасырда облыста  8,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болғандығын ерекше  тоқталып өтті.  Тәуелсіздік жылдары жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеп, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-дан астамға өскен екен. Қазіргі таңда облыс орталығы Шымкент қаласы республикадағы үшінші мегаполис мәртебесін иеленіп, соған сай әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамып, ілгерілеп келеді. Оңтүстік Қазақстанда Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлау мақсатында жыл көлемінде бес мыңға жуық іс-шаралар өткізілуде.


Сонымен қатар, баспасөз жиынында сегіз айда атқарылған жұмыстарға тоқталған Ұласбек Сәдібеков индустриаландыру картасы жобасымен өндірілген өнімнің құны 65,9 млрд. теңгені құрап, жобалардың тоқсан пайызынан астамы жоспарлы қуаттылығын игергенін жеткізді. Өңірде әлеуметтік мемлекеттік "Жұмыспен қамту 2020", "Қолжетімді баспана 2020", "Балапан" бағдарламалары өз деңгейінде іске асып, жүзеге асып келеді.  


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.