• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Неліктен шаршадыңыз?

Шаршап-шалдығу адамның күш-қуаты сарқылуынан пайда болады. Адам қай кезде күшін жоғалтады? 



  • өзге біреудің өтінішіне іштей «жоқ» дегісі келіп, бірақ амалсыздан «иә» деген жауапты берсе,

  • жылағыңыз келіп тұрып жорта күлімсірегенде, 

  • орнымен тыныға алмаса, 

  • алдынан  жарқын болашақ көріп тұрмаса да, өзін-өзі шыдауға көндірсе,  

  • өзіне не қажет екенін айтып жеткізе алмай, ренжіген сәттерде,

  • өзі жақсы көрмейтін жұмыспен айналысқанда, 

  • қасындағы адам қызықсыз болса да, бірақ бір себептермен сөйлесуге, араласуға мәжбүр болса, 

  • сөйлесіп отырған қасындағы адам – ылғи жағымсыз әңгімелерді термелеп айта берсе, 

  • көбінде саясат, коммунальдық тарифтер, көшедегі кептелістер және тағы басқа күнделікті күйбең тіршілікте айналып келе беретін мәселелерді тым жиі қозғай берсе, 

  • ғайбат сөйлесе, өсек айтса, 

  • біреулердің өмірі, олардың қалай өмір сүріп жатқаны жайлы қызғаныш сезіммен, немесе қызыққан кейіпте әңгімелей берсе, 

  • өзіне қызықсыз немесе ығыр болған жұмысты қолға алған кезде, 

  • әлдебір нәрседен қорыққанда, 

  • әлдеқандай тосын жаңалық күтіп, содан соң өмірім өзгереді деп күтіп жүрсе, (мәселен, лотерея) 

  • өзімізге-өзіміз көңіліміз толмай, «мен бұған лайықты емеспін», «бұл қолымнан келмейді», «менің жолым болмайды» деп сөккен кезімізде, рас ШАРШАП ҚАЛАСЫЗ!!!


Ал, қай кезде КҮШ-ЖІГЕР жинай аласыз: 



  • Жаңа адамдармен танысқанда, 

  • Білмеген нәрсеңді білгенде, мәселен, қажетті білімің толыққанда, 

  • Саяхат жасағанда, 

  • Қорқыныштарымызды жеңгенде, 

  • Бұрын жасамаған, жаңадан іс бастағанда, 

  • Жәй әншейін тынығып, ештеңе ойламастан сейілдеп жүргенде (дүкенге бару, базар аралау... деген секілді жүрулермен шатастырмаңыз) 

  • Шығармашылықпен айналысқанда, 

  • Тартымды, позитивті адамдармен әңгімелескенде, 

  • Өзімізге сенім білдірген, қолтығымыздан демеген адаммен араласқанда, 

  • Өзімізге өзіміз күтім жасағанда, ағзамызды, денемізді күтіп баптағанда, (мысалы, жаттығумен, спортпен, бимен айналысу, моншаға, шаштаразға,  бассейнге бару) 

  • Әлдебір жұмысты аяқтағанда (мысалы, үйдің жөндеу жұмыстарын бітіріп, тынығып отырғанда қайтадан күш келгендей әсерде боласыз) 

  • Іштей қиналатын сезімнен арылғанда (мәселен, адамды кешіргенде, не болмаса ол адам сізден кешірім сұраса, өзіңіз біреуден кешірім сұрасаңыз, біреуден кешірім алсаңыз, сізді түсінгендей, кешіргендей көңілде болса) 

  • «Жоқ» дегіміз келгенде «жоқ» деп айта алсаңыз, «иә» дегіңіз келгенде «иә» деп айтып үлгерсеңіз, 

  • Көңіліміз қалаған істі қолға алсақ, расында, КҮШ пен СЕНІМ пайда болады!!!


Ендігі таңдау өзіңізде! 


Құралай АХМЕТ


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.