• Бүгін: 14.08.2018

Қоларба сыйлады

Айналамыздағы қаншама адам мейірімділікке, қамқорлыққа, ізгілікке зәру. Бар болғаны жылы сөз айту, назар аудару, көңіл бөлу, мейіріммен қол ұшын созу - көңілі қаяу жанды бақытқа бөлейтіні анық. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов 10 қазан – Мүгедектер күніне орай ауданымыздағы бірнеше мүмкіндігі шектеулі жандардың шаңырағында болып, «Біз біргеміз» акция аясында оларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауларында әлеуметтік мәселелерге басымдық беріп, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеуді, қоғамның назарын мүгедек жандарға бұру қажеттілігін айтқан болатын. Шәуілдір ауылындағы Дандай Құдайбергеннің үйінде болған аудан әкімі ұлы Нұрдәулетке ноутбук сыйға тартып, оқуда алда болып, жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.
Мұнан соң Талапты ауыл округіне қарасты «Шытты» елдімекеніндегі Мақсат Арқабайдың үйіне арнайы ат басын бұрды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 айдан бері төсекке таңылған Мақсатты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, аяқтан тұрып, тезірек сауығуына ниеттестігін жеткізіп, науқасқа қоларба сыйға тартты. Өз кезегінде М.Арқабай мерейлі мерекемен құттықтай келген Ерлан Қуанышұлына алғыс сезімін білдіріп, өзінің ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, аудан басшысы науқас денсаулығының ертерек түзелуі үшін аудан әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін, емхана қызметкерлері науқастың денсаулығын жіті тексеріп, қажет болған жағдайда облыстық емдеу мекемелерінен білікті мамандар шақыртуды тапсырды. Қайырымдылық әлсізді мықты, мықтыны кеңпейілді қылады. Қайырымдылық бар жерде қатігездікке орын жоқ. Өзгелер үшін жасаған ізгілік істер адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін арттырады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17