• Бүгін: 21.02.2018

Мәдениет үйі мен спорт кешені жөндеуден өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының «Қала күні» мерекесіне орай кенді шаһарда тағы да бір қуанышты жаңалық болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қаратау етегіндегі қаламен қапталдас Ащысайда ауылдық клуб күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді. Ащысай ауыл клубы 1938 жылы пайдалануға берілген. Содан бері өнер ұясынан қазақ мәдениетінің көсегесін көгертуге күш салған талай талант түлеп ұшты. «Қара шаңырақта қасиет бар. Қайта жаңғырту арқылы әлі де талай дарынды шығарамыз», - дейді қала басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев. Салтанатты шара барысында ауыл зиялылары мен белсенділері ғимарат ішін аралап көрді. Мұнда келушілер кітапхана, ардагерлер кеңесі, жастар орталығы сияқты арнайы бөлмелерде уақытын тиімді өткізе алады. Ауыл өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында қайта жаңарған тағы бір нысан - Ащысай ауылдық спорт кешені. Қала әкімі  денсаулықты шыңдау залын да арнайы келіп көріп, жоғары  баға берді. Алдағы уақытта қос орталық та түрлі үйірмелердің ошағына айналып, ұлт салауаттылығы жолында   жұмысын үйлестірмек. Құтқарушылар күні қарсаңында күрделі жөндеуден өткен өртке қарсы қызмет көрсету мекемесінің ғимараты салтанатты түрде ашылды. Мемлекеттік Әнұранмен бастау алған жиында қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Әрбір істің қиыны мен қауіпті жерлерінде жүретін, қаланың қауіпсіздік шараларын сақтап, халықтың тыныш өмір сүруіне талмай еңбектеніп жүрген өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің еңбегі жоғары екендігін жеткізді. Жасаған еңбектері мен ерліктері ешқашанда ұмыт болмайтынын айтып өтті. Салтанатты жиында қызмет бабында үздік деп танылған сала мамандары алғыс хаттармен марапатталды. Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Тұрдалы Кенжеқұлов, қалалық мәслихат депутаты Керімжан Сырлыбаев өрт сөндіру бөлімінің еңбектері қиын да әрі күрделі жұмыс екенін атап өтіп, Алғыс хаттар табыстады. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17