• Бүгін: 18.02.2018

Қарттарға қолғабыс беріп, қысқы шаруаларын қамдады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жоспарланған акциялар аясында ардагерлерінің үйлеріне көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері  мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары бүгінгі ұрпақ үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларының ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен екені белгілі. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы №9 С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Байылдыр ауыл тұрғыны, тыл еңбек ардагері Калинчена Анна әжейдің үйіне барды. Жалғыз немересімен тұратын қарияның қыс мезгіліне отын болатын ағаштарын жарып, көмірін тасуға көмек көрсетілді. Жыл басынан бері Байылдыр ауылының жастары жалғызілікті, мүмкіндігі шектеулі 12 қария мен көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы-стратегиялы саясатының арқасында қазір әр ауыл, аудан, қалаларда қарттарға қамқорлық, ізеттілік көрсету игі шаралары жандана түсуде. Ә.Науаи атындағы №17 жалпы орта мектебінің 8«Б» сыныбының «Ерікті жас қыран» тобы еңбек ардагері Мамедова Нуринса апайдың үйіне барып қолқабыс жұмыстарын жүргізді. 
«Қазақстанға 30 жыл» атындағы №3 көп салалы мектеп-гимназиясының «Ерікті Жас Қыран» тобы Ұлы Отан соғысы ардагері Соловьева Анна Васильевнаның үйіне барды. Мерекемен құттықтап, сыйлықтар берді. Оқушылар ардагердің көңілін аулап, сұхбаттасты. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы кезінде қандай оқиғалар болғандығын айтып берді. «Соғыстың жаңғырығы әлі де біздің санамыздан өше қойған жоқ. Бүгінгі күні ең маңыздысы біздің жеріміздегі бейбітшілікті сақтап қалу. Балаларымыз біздің бастан кешкен қиындықтарымызды көрмей-ақ қойсын. Еліміз өркендей берсін», - деді Анна Васильевна. 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17